Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
25 тамызда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі алғаш рет «Отбасы, мектеп, қоғам - игілікті болашақ үшін бірге» тақырыбында Республикалық педагогикалық форум өз жұмысын бастады.
27-08-2011 06:06

 

Форум білім беру саласында педагогтар, ата-аналар, кәсіпкерлер  және азаматтық қоғам өкілдерінің байланыстарын қамтамасыз етумен қатар, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда азаматтық қоғамдық институттардың қатысуын кеңейту мақсатында өткзілмек.

Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов отырыстың негізгі баяндамасын жасай келіп, қазіргі таңдағы білім саласындағы жаңалықтарға кеңінен тоқталды.

Форумда әлеуметтік серіктестік технологияларын дамыту, білім беру жүйесіндегі стратегиялық мақсаттарға жетуге бағытталған азаматтық бастамаларды іске асыру үшін мүмкіндіктер қалыптастыру, қоғамдық бақылау институттарын дамыту, білім беру саласын модернизациялау мәселелерін көпшілікке талқылауға ұсыну үшін пікірталас алаңы құрылды.

Форум жұмысына Астана және Алматы қалалары мен облысының делегаттары, мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру ұйымдарының басшылары, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, ата-аналар мен республика мектептеріндегі қамқоршылық кеңесінің өкілдері қатысты. Сонымен  бірге, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен, Премьер-Министрінің Кеңсесінен және Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілдері қонақ ретінде қатысты.     

Форумға қатысушылар білім беру жүйесіндегі бірқатар мәселелерді шешу үшін білім беру саласы мен азаматтық қоғам арасындағы тұрақты әріптестікті қалыптастыруға өз үлестерін қосуға шақырылды. Форум бағдарламасында білім берудің көкейкесті мәселелері 5 семинар-мәжіліс және секция жұмыстарында талқыланды. Қоғамдағы педагогтың мәртебесін көтеру мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді.

I Республикалық Педагогикалық форумның қатысушылары білім беру жүйесінің үдемелі даму ісіне бар білімі мен тәжірибесін, күш-жігерлерін салатындықтарын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алдында сенім білдіре айтты. Сондай-ақ, білім қызметкерлері республика жұртшылығының алдында «Бәріміз болашақ үшін» атты қоғамдық бірлестіктің құрылатыны жайында үндеу қабылдады. Форумның нәтижесінде резолюция қабылданды.

 Сонымен бірге, отырыс шеңберінде «Өңірлер. Инновациялар. Бәсекелі білім беру» тақырыбында көрме жұмысы ұйымдастырылды.  

Мұғалім – біздің мәртебеміз!  Мектепке қамқорлық – ортақ міндетіміз!