2011 жылдың 19-26 қыркүйек аралығында Павлодар қаласында «Жыл мұғалімі-2011» атты облыстық сайыс өткізілді. Сайыс «Білім болашағы-мұғалімнің дамуында» атты ұранмен өткізілді. Қалалық, аудандық сайыстардың 23 жеңімпаз мұғалімдердің ішінде: Павлодар қаласы №33 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Д.А.Тайгулин, №40 мектептің физика пәнінің мұғалімі А.В.Иванов, Кенжекөл мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Г.К.Күлжанов қатысты. Сайыстың қорытындысы 30 қыркүйек күні облыс әкімі Б.А.Сағынтаевтің қатысуымен мұғалімдер күніне арналған «Мұғалім - мектептің жүрегі » атты мерекелік іс-шарада шығарылды.
№33 мектептің директоры, тарих пәнінің мұғалімі Даулет Амангелдіұлы Тайгулин І орынға ие болды. «Табыс» номициясында женімпаз атағына Кенжекөл мектебінің тарих мұғалімі Гамал Кайыргелдіұлы Күлжанов ие болды.
Облыстық сайыстың женімпаздары алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Женімпаздарды құттықтаймыз!