Қала мектептерінің мұғалімдері арналған кеңестер
№ 4,7,12,43 мектептердегі биология, химия, география, физика, математика, өзін-өзі тану пәндерінің мұғалімдеріне және бастауыш сыныптардың әдістемелік бірлестік жетекшілері мен директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған семинарлар өткізілді.
Семинарларда пән бойынша бағдарламалар,стандарт, практикалық және бақылау жұмыстарының нормалары, 2011-2012 оқу жылына ұсынылған оқулықтар, әдістемелік нұсқаулар қаралып, талқыланды. Күнтізбелік жоспарды құруға нұсқаулықтар берілді. Тәжірибелі әдістемелік бірлестік жетекшілері, оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары, шығармашылық топтың мүшелері семинар барысында өз кеңестерін берді.