Жас басшылар үшін кеңес сағаты
Қалалық білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің мектептердің жас басшыларына арналған жоспарына сәйкес “100 сұрақ-100 жауап” атты кеңес сағаты өткізілді. Басшылардың сұрақтарына білім беру бөлімі бастығының орынбасары Г.Ш.Шиндлярская және білім беру бөлімінің бас есепшісі Г.В.Иманалиева жауап берді. Жас басшылардың кәсіби қажеттілігін анықтау мақсатында диагностикалық сауалнама өткізілді, соның нәтижесінде тақырыптық кеңестердің сұрақтары мен басқару менеджментіндегі тәжірибелік семинарлардың тақырыптары айқындалды. Кеңес сағатына Кенжекөл мен № 13, 17, 18, 19, 25, 33, 34 (резерв), 40 мектептің директорлары қатысты.