Қала мектептеріндегі әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жүйесін және үлгі боларлық жұмыс тәжірибесін анықтау мақсатында 2011 жылғы 21-28 қазан аралығында Павлодар қаласында «Жаратылыстану – математикалық кезеңнің үздік әдістемелік бірлестігі – 2011» байқау – сайысы өткізілді.
Сайыс нәтижесінде қала мектептеріндегі әдістемелік бірлестіктер қызметі сапалы білім мен ғылыми көзқарасқа, сондай - ақ сабақтастық пен реттілікке негізделген принцип бойынша жұмыс атқаратыны белгілі болды.
Екі кезеңнең тұрған сайысқа 60 (оның ішінде 20 жарытылыстану бағытта) қатысты.
15 әдістемелік бірлестік сайыстың 2-ші кезеңіне өтті. Сайыс нәтижесі 2 кезең бойынша шығарылды.
Номинацияларда жеңімпаз атағына ие болған:
- №35 ЖОМ (жаратылыстану бағыт) “Жаратылыстану–математикалық кезеңнің үздік үлгісі”;
- ЖОМ№№ 34 (математикалық бағыт), 9 (ЖМБ кафедрасы)“Жаратылыстану –математикалық кезеннің үлгілі бірлестігі”;
- ЖОМ №№ 25 (жаратылыстану бағыт), 36 (жаратылыстану –математикалық бағыт), 6 (жаратылыстану –математикалық бағыт) “Әдістемелік бірлестік жұмысының нәтижелігі “;
- ЖОМ №16 (математикалық бағыт) “Инновациялық әдістемелік қызметі “;
- ЖОМ № 29 (математикалық бағыт), 26 (математикалық бағыт) “Әдістемелік жұмысының шығармашылық көзқарасы “.
Кенжекөл мен №№ 26, 21, 16, 31 лауреат мектептерге алғыс хаттар табысталды.
Кенжекөл мен № 5, 9, 16, 21, 25, 26, 29, 31, 34, 35, 36 мектептерінің әдістемелік бірлестік жетекшілеріне сапалы дайындықтары үшін алғыс жариялансын.
Байқау-сайысының барлық қатысушыларын құттықтаймыз!