Мемлекетіміздің және облыс пен қаланың интелектуалдық потенциалын қалыптастыру үшін, 1999 жылдан бастап, оқушылардың ғылыми-зерттеу іс-әрекетін ынталандыру және дамыту, қабілетті жастарды анықтау және қолдау мақсатында оқушылардың ұлттық ғылыми сайысы өткізіледі.
Сайыс дәстүрлі түрде үш кезеңде ұйымдастырылады (қалалық, облыстық және республикалық) 4 бағыт бойынша: «Ғылыми-техникалық прогресс- экономикалық өрлеудің өзекті саласы», «Экономикалық және әлеуметтік үдерістерді математикалық модельдеу», «Жақсы табиғи орта- «Қазақстан -2030» стратегиясын жүзеге асырудың негізі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және тиімді туристік маршруттары».
Ғылыми жарыстың мектепішілік кезеңі оқушылардың ғылыми қоғам жұмысының аясында өтеді. Бүгінгі күні ҒҚО-на үлкен назар аударылады. 37 мектептің 195 секциясында 1707 оқушы жұмыс істейді. 2010-2011 оқу жылында осы оқушылармен 849 ғылыми жоба әлі өңделуде, 682 оқушы мектепішілік ғылыми жоба жұмыстарын қорғады.
Оқу жылдары | Мек тептер | Мектепішілік ҒҚО | Секциялар | ҒҚО қатысушы | Өңделінетін ғылыми жобалар | Мектепішілік қорғалған ғылыми жобалар |
2006-2007 | 30 | 30 | 136 | 959 | 650 | 603 |
2007-2008 | 37 | 34 | 179 | 1883 | 1346 | 829 |
2008-2009 | 36 | 36 | 193 | 1950 | 1439 | 872 |
2009-2010 | 37 | 37 | 197 | 1882 | 1263 | 824 |
2010-2011 | 37 | 37 | 196 | 1638 | 807 | 600 |
2011-2012 | 37 | 37 | 195 | 1707 | 849 | 682 |
Ғылыми-зерттеу іс-әрекетімен айналысатындарға ерекше көңіл бөлініп, жыл сайын қараша айында қабілетті жастарды және мектептік ғылыми қоғам өкілдерін қолдау үшін, барлық республика көлемінде аймақтық ғылыми-практикалық конференциялар және қалалық ғылыми жарыстар өткізіледі, бұл оқушылардың ғылыми жарыстары облыстық іріктеу кезеңі болып табылады.
Сұраныс бойынша, «Ертіс дарыны» орталығына 07.10.2011 жылы оқушылардың ғылыми жарысына 38 мектеп қатысу жоспарланды, оның ішінде 276 оқушы қорғауға 247 жоба дайындады ( мемлекеттік тілдегі жұмыс- 108).
17.11.2011 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институы ғалымдарына 37 мектептің 238 оқушысы 214 ғылыми жоба ұсынды.
Оқушылардың қалалық іріктеу ғылыми сайысының қорытындысы:
33 мектептің 156 оқушысының 142 ғылыми жобасы оқушылардың қалалық ғылыми жұмыстарын қорғау сайысына жолдама алды
(мемлекеттік тілдегі жұмыс- 65).
Оқушылардың қалалық ғылыми сайысы 2011 жылғы 15 қарашада, сағат 09.00-де Павлодар мемлекеттік педагогикалық институы базасында өткізіледі (қатысушылардың тізімі мектептерге жіберілді)