Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год
За месяц
За неделю
Вчера
2011 жылғы оқушылардың қалалық ғылыми сайысының қорытындысы
16-11-2011 11:11

 

15 қарашада Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты базасында өткізілген қалалық ғылыми жарысқа 30 павлодарлақ жалпы орта білім беру мектептерінен 159 оқушы қатысты.

8-11 сыныптың оқушылары 141 ғылыми –зерттеу жұмыстарымен таныстырып  қорғады.

Жобаларды қорғау 13 секцияларда өтті:  экономика, биология, адамның денсаулығын және қоршаған ортаны қорғау, әдебиет, тіл білімі, тарих, өлкетану, этномәдениеттану, математика, техника, Жер және Космос туралы ғылым, информатика, физика.

Барлық секцияларда ғылыми жобаларды қорғау қазіргі ақпараттық құралдарды пайдалану негізінде іс жүзіне асырылды.

Конкурстың комиссиялары секциялардағы жұмыстардың қызықты әрі мазмұнды болғанын белгіледі: оқушылар аталған аймақтық деңгейлерге еркін сүйенеді, өздерінің зерттеулерінің практикалық маңыздылғын нақты анықтайды, көтерілген мәселелердің стандартты емес шешімдерін ұсына біледі.

Конкурстық әділқазы мүшелері облыстық ғылыми іріктеу туріне қатысуға 65 жұмыс жіберді.

Қалалық сайыс кезеңінде  нәтижелі қорғап, зерттеулері көптеп өткен оқушылар, олар № 22 ЖОМ (17 жұмыстың 9 – ы сайыстың келесі кезеңіне өтті, 2 оқушы конкурс аталымының жеңімпазы), № 34 ЖОМ (5 жұмыстың 5 – еуі де сайыстың келесі кезеңіне өтті, 3 оқушы конкурс аталымының жеңімпазы), № 29 ЖОМ (9 жұмыстың 6 – ы сайыстың келесі кезеңіне өтті, 3 оқушы конкурс аталымының жеңімпазы),

№ 2, 6, 16, 19, 23, 41 мектептерінің 83-100 % жұмыстары облыстық іріктеу сайысы кезеңіне өтті. 

Конкурс әділқазы мүшелерінің пікірі бойынша ең үздік жұмыстар зерттеу аталымдарында дипломдармен марапатталды:

«Жас ғалым»:

Рамазанова Мәдина (№ 12 ЖОМ), Казакова Виктория, Шептенко Алексей (№ 16 лицей-мектебі), Минина Анастасия (№ 18 ЖОМ), Жөкен Тоғжан (№ 22 ЖОМ), Имашев Манарбек (№ 25 ЖОМ), Теміртасов Айзар, Омарова Индира                  (№ 35 ЖОМ), Жолдаспаева Бақытгүл (№ 40 ЖОМ).

«Еңбек етсең емерсің»:

Хамзина Айда (№ 17 ЖОМ ), Ахатова Жансая, Мұрат Мөлдір  (№ 22 ЖОМ), Садықов Темірлан, Исаева Марина ( № 29 ЖОМ), Түсіпжанова Айдана, Қайыр Гүлден  (№ 35 ЖОМ), Долгополов Василиий ( № 36 ЖОМ).

 «Кемел білім»:

Ерсайын Қуат (№ 6 ЖОМ), Балыков Иван (№ 30 ЖОМ), Гайков Олег                   (№ 34 ЖОМ), Айтжанова Айжан (№ 35 ЖОм).

 «XXI ғасыр жобасы»:

Солдатенко Марина (№ 1 ЖОМ), Нұржанова Әсем, Сүлейменова Кәрима            (№ 9 ЖОМ), Мұхаметжанова Зухра (№ 19 ЖОМ), Кашемиров Максим                (№ 34 ЖОМ).

 «Білгенге маржан»:

Бакытхан Айбота (№ 2 ЖОМ), Мұхаметқайыров Арсланбек, Егінбаев Мирас         (№ 20 лицей-мектебі), Қалтаева Әсем, Алдажарова Айдана (№ 21 ЖОМ), Агубаев Теміржан  (№ 23 ЖОМ), Герц Юлия (№ 29 ЖОМ), Малдыбаев Дәурен                    ( № 30 ЖОМ).

 «Батыл қадам»:

Хайрутдинов Олег (№ 9 гимназия-мектебі), Аманбай Құралай (№ 19 ЖОМ), Жұматаева Анария (№ 24 ЖОМ), Богданов Илья  (№ 34 ЖОМ), Рамазан Ардақ   (№ 39 ЖОМ).