2012 жылдың 12 қаңтар күні мектеп бітірушілерге ҰБТ дайындығына әдістемелік көмек ретінде мамандыққа дайындайтын бесінші пән бойынша тақырыптық кеңес беру сағаты өткізілді.
11 сыныптар бойынша көп жылдық тәжірибелері бар,жоғары санатты мұғалімдер қиындық туғызатын тақырыптар бойынша сапалы талдау жасап, мәліметтер дайындады. Бесінші пәнді, мысалы география немесе ағылшын тіл таңдаған әр оқушы бірнеше мұғалімдерден кеңес алуға мүмкіншілік алды, ал дүниежүзі тарихы, әдебиет, химия, биология пәндерін таңдаған қанша оқушы болса , сонша кеңес беретін мұғалімдер болды. Бұл кеңес беру сағатында оқушылар кесте мен таблицаларға салынған теориялық мәліметтер алды.
Теорияны бекіту үшін мұғалімдер жаңа заманға сай тапсырмалар дайындап, оларды керек болса қайта түсіндірді.Кеңес беру сағатының соңында әр оқушы қиындық туғызатын тақырыптар бойынша қатемен жұмыс жасады. Мұғалімдер де, үміткерлер де жақсы атқарылған жұмысқа көңілдері толды.