Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
2012 жылы жалпы орта білім беру қала мектептері командаларының 50-шы облыстық пәндер олимпиадасына қатысуы туралы
01-02-2012 05:11

 

Пәндер олимпиадасы талантты жастарды анықтап, қолдау көрсетеді, сонымен қатар «Зияттық ұлт - 2020» ұлттық жобасын іс жүзіне асыруға және білімнің әлеуметтік мәртебесін арттыруға септігін тигізеді.

С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің базасында 2012 жылы 27-28 қаңтар күндері жоғары сыныптардың 642 оқушысының қатысуымен облыстық пәндер олимпиадасы өткізілді.

Зияттық форумда Павлодар қаласы жалпы орта білім беру мектептерінің олимпиадалық командасын 4, 7, 9, 11, 16, 17,  19, 20, 21, 22, 25, 29, 34, 36, 38, 39, 40, 42, Стикс мектептердің 47 оқушысы  (2011 ж.-50) құрды.

Команданың құрамын көптеп құраған : № 9- (5 оқушы), Стикс мектебі- (7 оқушы), № 39 ЖОМ -(10 оқушы), №19- (4 оқушы), № 16, 36 - (3 оқушы),  № 20, 21- (2 оқушы), № 4, 7, 11, 17,  22, 25, 29, 34, 38, 40, 42 ЖОМ-нан (1 оқушы).

Олимпиданың облыстық турының қорытындысы бойынша қалалық команда 27 жүлделі орынға ие болды (2011 ж. -27).

Олардың ішінде І орын иегерлері № 9, 20,34, 36, 39, Стикс мектептерінен 10  жеңімпаз бар. Сегізі ІІ орын жүлдегерлері, тоғыз ІІІ орын иегерлері.

№ 9 гимназия-мектебі, 11 сынып оқушысы Қарағаева Ағила география пәні бойынша  нәтижесінде Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеттің оқу грантын алды.

Жеткілікті жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар:  Стикс мектебінің (7 қатысушының жетеуі де жүлделі орын алды, оның ішінде 4 жеңімпаз, 3 жүлдегер), № 36 ЖОМ ( 3 қатысушының үшеуі де жүлдегер, 1 жеңімпаз, 2 жүлдегер),  № 4, 29, 34, 42 мектептерінен бір қатысушыдан және олардың барлығы  да жүлдегерлер. № 9 гимназия-мектебінде 3 жүлделі, бір грант, 39 ЖОМ –да 5 жүлделі орыннан, № 16 лицей-мектебінде 2 жүлделі орыннан,  №19, 20, 21 ЖОМ – 1 жүлделі орындар.

Облыстық олимпиадада жоғары нәтижемен  қалалық олимпиада көрсеткішін дәлелдеген  пәндер: химия пәнінен (1 қатысушы –жүлдегер, мұғалімі Бабич И.М., №16 ЛМ), география пәні (6 қатысушының 6-ауы да жүлдегер, мұғалімдері  (Табаева А.Т., № 4 ЖОМ, Таженова Н.А., № 9 гимназия-мектебі, Есмакаева Г. Б., №21 ЖОМ, Жумабаева А. К., № 29 ЖОМ, Мукарова Э.У., №34 ЖОМ),  неміс тілі ( 5 қатысушының 4-еуі де жүлдегер, мұғалімдері  Шмидт Л.А.,  Стикс мектебі, Мокроусова Т.Р., № 39 ЖОМ), француз тілі (6 қатысушының 3-еуі жүлдегер, мұғалімдері Петрова В.М., № 39 ЖОМ, Сигакова Т.Г., Стикс мектебі), орыс тілі ( 4 қатысушының 3 –еуі жүлдегер, біреуі аталым иегері, мұғалімдері Оразалина К.Р., №19 ЖОМ, Нуралина З .Е., № 20 ЛМ, Быкова С.В., №39 ЖОМ), қазақ тілінен - 6 қатысушының 3-еуі жүлдегер, ағылшын тілі - 3 қатысушының біреуі жүлдегер, Қазақстан тарихы және құқық негіздерінен - 4 қатысушының біреуі жүлдегер, физика пәндерінен - 2 қатысушының 1-еуі жүлдегер,  бұл көрсеткіштер қалалық олимпиада әділқазы мүшелерінің  сапалы жұмыс істегенін көрсетеді.

         Осы 2012 жылғы 50 облыстық олимпиадада  2011 жылдың  Республикалық олимпиаданың жеңімпазы тағы да үздік нәтижеге қол жеткізді, 10 сыныптардың арасында неміс тілінен жеңімпаз- Севрюкова Юля.

Павлодар қаласы жалпы орта білім беру мектептерінің олимпиадалық командасы (2005 жылдан бастап) «Үздік олимпиадалық команда» атағын растап келеді, (жалпы орта білім беру мектептерінің командалары арасында І орын).

Өздерінің тәрбиеленушілерінің жетістіктерін мақтан тұтуға құқылы және 50 облыстық олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын дайындаған қала мектептерінің ерекше мұғалімдері: Петрова Валентина Михайловна (№ 39 ЖОМ), Сигакова Татьяна Григорьевна (Стикс мектебі), Жұмабаева Әсия Камалиденқызы (№ 29 ЖОМ), Бознак Елена Егоровна, Шмидт Лидия Андреевна (Стикс мектебі), Оразалина Күнсұлу Рымжанқызы (№19 ЖОМ), Нихаева Светлана Андреевна (№42 ЖОМ), Таженова Надежда Аркадьевна     (№ 9 ГМ), Табаева Алма Темирхановна  (№4 ЖОМ), Есмакаева Гульмира Болатовна (№21 ЖОМ), Мукарова Эльмира Ураловна (№34 ЖОМ), Таран Елена Геннадьевна (№ 16ЛМ), Асылова Раушан Бекболатқызы (№9 ГМ), Таран Елена Геннадьевна, Мантықова Гүлмира Сақтайқызы (№36 ЖОМ), Бабич Ирина Михайловна (№ 16ЛМ).