Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Инновациалық педагогикалық тәжірибенің алқалы тыңдалымы
01-02-2012 12:44

Бүгінгі білім беру жүйесінің басты бағыты-қоғам өзгерістеріне қарсы тұра алатын ғана емес, әлеуметтік-экономикалық процестерін басқара алатын  мамандарды қалыптастыру. Шын мәнінде, өркениетті қоғамдағы бәсекелес нарықтық қатынастардың барлық қиыншылықтарына   оқушыларды бейімдеп оқыту, дайындау барша мұғалімдердің алдында тұрған міндет. Осындай келелі міндетті атқару үшін мұғалім үнемі ізденіп, өз кәсіби шеберлігін арттыруға тиіс. Бұл жолда  озық тәжірибемен бөлісетін мамандарда баршылық. Қазіргі кезеңдегі білім беру  жүйесінің  жаңаруы мұғалімнің  алдына зор  міндеттер жүктеп отыр . Сондықтан , оқу  үрдісін жандандыру , оқытудың  әдістерімен тәсілдерінің  пәнді  игерудің  тың технологиясын іздестіру- оқушылардың білім деңгейін , оқу ынтасын , белсенділігін  арттырудың  бірден бір тиімді жолы . Сол жолды шешу әрине , ұстаздың кәсіби педагогикалық іс-әрекетіне байланысты болады.Білім сапасын анықтауда түрлі бақылау сараптау жүйесі енгізіліп , сол арқылы  мұғалімнің жұмысына баға беріп отыр . Бұл іске мұғалім ізденіп , өз білімін  жетілдіріп, шығармашылықпен  үздіксіз жұмыс жасап, іскерлік қабілетін ұдайы арттырған да ғана қол жеткізеді.   
    Ең озық инновациялық тәжірибе жинақтап тарату – ұстаз әлеуеті мен құзіреттілігін көтеру жолында  қалалық білім беру бөлімінің әдіскерлері  де  маңызды рөл атқарады.
  Шығармашылықпен, ғылым мен тәжірибе тоғысында заман талабымен   жұмыс жасайтын, білім беру жүйесін дамытуға ықпал ететін  дарынды ұстаздарды анықтау мақсатында 2011 жылдың желтоқсан айында Павлодар қаласының білім беру бөлімінде қала мектеп мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін жалпыламау бойынша іріктеу туры өтті. Сараптама комиссия мүшелері 84  жұмысты қарастырып, солардың ішінде 67 жұмысты қалалық деңгейде қорғауға ұсынды. Сонымен бірге 12 мұғалімнің жұмыстары  облыстық деңгейде қорғауға ұсынылды.
  Алқалы тыңдалым формасындағы инновациялық педагогикалық тәжірибені қорғаудың білікті де, білімді де әділ қазылар мүшелерін  Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының  , Инновациялық Евразиялық университінің профессорлық- оқытушы құрамы, Павлодар облыстық педагог – мамандар біліктілігін арттыру институтының әдіскерлері, мектеп директорларының орынбасарлары және қала мектептерінің шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдері  құрады.                                                                                                                                           
     Инновациялық тәжірибенінің алқалы тыңдалымы №16 ЖОМ базасында , 9 секция бойынша өтті.Ал келесі мұғалімдердің жұмыстары жаңашылдығымен және өзектілігімен көзге түстіп, ең үздік жұмыс деп белгіленді:  Смаилова Майгүл Қабыкенқызы, Маутина Светлана Төлегенқызы  (№25 ЖОМ, бастауыш сынып мұғалімдері) , Алпысбаева А.Ж ,  Манапова Н.А ,Стоянова Е.Н (№6 ЖОМ , химия және биология мұғалімдері), Шеметова Ирина Александровна (№40 ЖОМ, химия мұғалімі), Перфильева Татьяна Ивановна  (№1 ЖОМ, сызу пәнінің мұғалімі) , Мухтарова  Мадина Набиевна (№2 ЖОМ, технология пәнінің мұғалімі), Хованова Альфира Наильевна (№ 26 ЖОМ, математика мұғалімі) , Смагулов Қайрат Тоқтарбайұлы (№42 ЖОМ , физика мұғалімі), Негманова Құралай Уахитқызы (№41 ЖОМ, қазақ тілі мұғалімі), Абдурасилова Зухра Қырықбайқызы(№22 ЖОМ, қазақ тілі мұғалімі), Гайдукова Надежда Анатольевна (№20 лицей-мектебі, тарих мұғалімі), Лаврикова Наталья Геннадьевна (№28 ЖОМ, бастауыш сынып мұғалімі),  Вендерских Алена Владимировна (Стикс, информатика мұғалімі), Жармағамбетов Сайлау Естайұлы (№42 ЖОМ, технология мұғалімі)
 
                                                                                  Павлодар қаласының білім                                
                                                                                беру бөлімінің әдіскері                      
                                                                                Бекбосынова Х.В.