ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«ПроЛС» мүшелерінің отырысы
02-02-2012 12:29

         Жас мамандармен жұмыс жобасы үшінші жыл қатарынан апробациядан өтіп жатыр, ол жас мұғалімдерге  сабақты модельдеуде,   ашық сабақтар  беруге практикалық көмек көрсетуге бағытталған..

       №2 мектепте қала мектептерінің жас  мамандарының  кезекті отырысы ашық сабақтар мен шығармашылық зертханаларға қатысқаны бойынша туындаған мәселелер  және өздігінен жұмысты ұйымдастыру сұрағы шеңберінде  өткізілді.

Жастардың назарына  бастауыш сынып мұғалімі Б.Б.Смагулова,ағылшын тілі мұғалімі Т.К. Сульбаева  презентациялар мен ашық сабақтар ұсынылып, директордың оқу-тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары Н.И.Джежора «Білім сапасын жоғарлату құралы ретінде   оқушылардың  сабақта өздігінен жұмысты ұйымдастыру» кеңес берді.

Семинар қатысушылары  берілген ашық сабақтарға талдау жасап, жаднамалар құрды:  

·         Өздік жұмыстарына қойылатын талаптар

·        Оқулықпен өздік жұмысы

·        Үйдегі өздік жұмысы

     Карабаева А.А.( ЖОМ №35), Кошегулова Р.Т.(ЖОМ №42), Слепко П.А.(ЖОМ №13), Хасенова М.А.(ЖОМ №4), Абилова А.К.(ЖОМ №12) семинар –практикумның жұмысына  белсене    қатысты.      

     Жас мамандардың  кәсіби шеберліктерінің артуына №42 мектептегі инновациялық технологияларды қолданып  өткізілген  ашық  сабақтар ықпал етті.

    Практикалық  көмек көрсеткені үшін жас мамандардың  клуб ұйымдастырушыларына алғыс білдіреді. Жас мамандарға тәжірибелі және жас  әріптестерімен бірлесіп клуб жұмысына қатысқандары қуаныш әкеліп, алған тәжірибелері  мен білімдерін сыныптан тыс шараларды өткізуде, сабақтарды ұйымдастыру барысында қолдануға көмек береді.