Білім саясаты мақсатқа лайықтық және орнықты кадрларды пайдалануға назар аударады.Мұғалімдердің кәсіби деңгейлерін көтеру- аттестациядан өту болып табылады.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 22 қаңтар айында №16 бұйрықпен бекітілген, мұғалімдердің аттестациядан өту ережелері бойынша Павлодар қаласында мұғалімдердің аттестациядан өту кезеңі басталды.
№ 7, 11 жалпы білім беретін мектептер базасында бірінші және жоғары категорияға талаптанған 280-ден астам мұғалім портфолио арқылы өз тәжірибелерін қорғады.
Павлодар қаласының мұғалімдерінің еңбектерін ПКБАИ әдіскерлері, қалалық білім беру бөлімінің әдіскерлері,мектеп директорлардың орынбасарлары, қалалық әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері бағалады.Қорғау ашық түрде өткізіліп, мұғалімдер өз әріптестерінің жетістітерін көрді, өйткені аттесталатындар электрондық презинтациялармен портфолиоларын қорғады. Біліктілік санатты бекітетін немесе дәлелдеуге берген мұғалімдер аттестациядан өтетін жылы, өз педагогикалық шеберлігін ашық сабақтарда, шебер – сағаттарда, семинарларда, конференцияларда көрсетеді.
Бағалаудың бұл түрі педагогтардың кәсіптік деңгейін, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді айқындауға және тәжірибелерін ұсынып, бөлісуге мүмкіншілік береді.
Мұғалімдер аттестациясының қорытындысы 2012 жылдың маусым айында шығарылады.