Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«ПроЛС» мүшелерінің отырысы
27-02-2012 07:00

№1 мектепте ПроЛС клуб мүшелерінің кезекті отырысында сабақтарда интерактивті жабдықты және ақпаратты-коммуникациалық технологияларды қолдану бойынша мұғалімдердің жұмыс тәжірибелері ұсынылды. Информатика ашық сабағында (мұғалімі: С.М.Амерханова) оқушылар Activslate, Aktivote құралдарын машығын және Activstudio бағдарламасымен жұмыстарын көрсетті. Тәжірибелі педагог Т.И. Перфильева сызу, бейнелеу өнері, технология сабақтарында АКТ қолдануын көрсетті.Биология пәнінің мұғалімі Н.В. Милейко сабақтарында интерактивті тақтаны тиімді колдану жолдарын көрсетті. Г.Ө.Рахметова және М.В. Димитрюк интерактивті тақтаның келесі мүмкіншіліктерін көрсете отырып «сәйкестік», «контейнер», бақылаушы бағдарламаларын тіркеу, қолдану және сабақтың әр кезеңінде АКТ жүзеге асыру сондай-ақ  электронды  құралды шығарудың жолдарын ұсынды.

     Жас мамандардың  кәсіби шеберліктерінің артуына № 5 мектептегі инновациялық технологияларды қолданып  өткізілген  ашық  сабақтар ықпал етті.

    Практикалық  көмек көрсеткені үшін жас мамандардың  клуб ұйымдастырушыларына алғыс білдіреді. Жас мамандарға тәжірибелі және жас  әріптестерімен бірлесіп клуб жұмысына қатысқандары қуаныш әкеліп, алған тәжірибелері  мен білімдерін сыныптан тыс шараларды өткізуде, сабақтарды ұйымдастыру барысында қолдануға көмек береді.