Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалардың Республикалық конкурсының жүлдегерлері
2012 жылғы 20-24 ақпанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталықтың ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалардың Республикалық конкурсы өтті.
Он жыл бойы ғылыми жобалардың конкурсы «Модели экономического и социального развития Казахстана в свете стратегии «Казахстан-2030» тақырыбында өтуде.
Конкурсқа Қазақстанның барлық облыстарынан балалар қатысты. 15 секция бойынша 500-ге жуық жұмыс ұсынылды. Ғылыми жобалардың Республикалық конкурсында іріктеу кезеңдерінің нәтижелері бойынша Павлодар облысы атынан облыстың 14 мектебінен 32 жобаның авторы қатысты.
Республикалық конкурс қорытындылары бойынша 1-орынға «Биология» секциясында Павлодар қаласы № 39 ЖОМ 11-сынып оқушысы Ардақ Рамазан ие болды.
Республикалық конкурстың Құрмет грамоталарымен марапатталған Павлодар қаласы № 19 ЖОМ 11-сынып оқушысы Зухра Мұжаметжанова.
Ғылыми жобалардың Республикалық конкурсында Павлодар облысы оқушыларының көрсеткен шығармаларының қорытындылары бойынша құрама команда 1-ші жалпы командалық орын алды және «2012 жылғы ғылыми жобалардың Республикалық конкурсындағы үздік команда» сертификатымен марапатталды.
Құттықтаймыз!