ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жарқын болашақ» ІV «KATEV» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі
28-02-2012 03:50

 

«Жарқын болашақ» ІV «KATEV» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі

 

«KATEV» халықаралық қоғамдық қорының бастамасымен 2012 жылғы 24 ақпанда дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейлер мен Павлодар қаласы №16 лицей-мектебінде жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының арасында «Жарқын болашақ» ІV «KATEV» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.

Олимпиада 5 конкурсты қамтыды: қазақ тілі мен әдебиеті, мәнерлеп оқу, ән айту, ғылыми жоба, жазбаша шығармашылық жұмыс. Олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысуға 200-ге тарта оқушы ынта білдірді.

Олимпиаданың қорытындысында:

«Тілші-әдебиетшілер» сайысы бойынша ІІ орынды – Павлодар қаласы № 19 орта мектебінің оқушысы Асқақова Құралай, Бондаренко Вадим, Павлодар қаласы №43 орта мектебінің оқушысы

«Сөз шеберлері» сайысы бойынша ІІІ орынды –Павлодар қаласы № 40 орта мектебінің оқушысы Назымбеков Сымбат.

Құттықтаймыз!