ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп директор орынбасарларының шебер сағаты
06-03-2012 08:44

Басқарудың ең қиыны - ол бақылауаналитикалық жүйе және коррекциялық әрекет.Оқу – тәрбиелік барысының  барлық жүйесі бақылаумен қамтылыды. Әр диагностикалық кезең кері динамиканы анықтаумен аяқталады. Бұл мәліметтер педагогикалық талдаумен коррекцияға негіз болып табылады.Мұндай талдау әр оқушының білім сапасын жоғарлатуға және әр мұғалімнің сапалы білім беруін  қамтамасыз етуге бағытталған.

    Әдістемелік кабинет №16 мектеп базасында  «Мектепшілік бақылауды іске асыру туралы: пәнді жүргізу жағдайы.Мектепшілік бақылаудың педагогикалық талдауы» тақырыбы бойынша әдістемелік жұмыстарды қадағалаушыларға, жас директор орынбасарларына, мектеп директор орынбасарларына  семинар өткізді.

      Семинарда педагогикалық талдаудың аспектілері қарастырылды, жетекшілер анкетасы, ұсыныстар, жаднамалар берілді.Семинар материалының құндылығы, ол тәжірибелі және жас жетекшінің аналитикалық мәдениетін көтеруге мүмкіндік туғызады және мектепшілік бақылаудың жоспарынан көптеген проблемаларды жояды.

       Алимова К.Т. №16 лицей – мектебінің орынбасары, тәжірибелі жетекші мектеп директор орынбасарының  зертханасын көрсетті.Әдіскердің тәжірибелі жұмысы, басқарушының  қала мектеп әріптестеріне білім беру және тәрбиелеудің сапасын жоғарлатумен жақсарту бойынша проблемаларды шешуге жаңа жолдар ашты.  Әдістемелік жаңалықтар, мектептегі әдістемелік жұмысты басқарудың  «құпиясы» және пәнді жүргізу жағдайын бақылау әр түрлі пікірлер туғызып,талқылаудың өзекті мәселесі болды және бұл бақылаудың түрін өз мектептерінде де қолдануды қарастыруға ниет білдірді.

      Данышпан Эйнштейн бізге баға жетпес сөздерді мұратымызға қалдырған: «Ойлаудың басқа тәсілі бізге өмір сүру үшін керек!» Біз нәтижеге жету үшін бізге кәсіптік мұғалімдік әуесқойлықпен есесін толтыру және мезгілімен қойған мақсатқа жету керек екенін түсінеміз.

     Педагогикалық ұжымды басқару, функционалдық міндеттерді жоспарлау , ұйымдастыру   жас және тәжірибелі жетекшілерге ЖММ жұмысында , шебер сағатқа, тренингтерге қатысуы алған білімдері және тәжірибелерін қолдануға көмектеседі.

      Семинар жұмысына келесі мектеп директор орынбасарлары қатысты:

 №  4, 7(2), 11, 12(2), 13, 14, 16, 17, 20(2), 27, 28, 29, 30, 34, 39, 43, КНШ-2, КНШ-3, УВК- 42.

        

    

                                  Нұрахметова Ш.С., әдістемелік кабинеттің меңгерушісі