Жас директорлар мектебі
Қалалық білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес «Жас директорлар мектебі» семинарының кезекті кеңес сағатынПавлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, педагогика ғылымының кандидаты В.Н.Афанасьеваның қатысуымен өткізілді. Семинарда мектептің даму бағдарламасын жазудың барлық аспектілері қарастырылды. Бұл семинардың құндылығы , ол мектептің 5 жылға жұмыс бағытын, бейіндік таңдауымен байланысты мәселелерді шешуге және жас жетекшілердің аналитакалық мәдениетін көтеруге мүмкіндік туғызады. Семинарға қатысушылар теориялық , практикалық материал , ұсыныстар және жаднамалар алды.