ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Халықаралық «Odyssey of the Mind» бағдарламасы бойынша 17 –ші Республикалық «Одиссея Разума» жарыстарының жүлдегерлері
09-04-2012 06:00

 

Халықаралық «Odyssey of the Mind» бағдарламасы бойынша

17 –ші Республикалық «Одиссея Разума» жарыстарының жүлдегерлері

 

2012 жылғы наурыздың 25-31 аралығында Алматы қаласының «Горное солнце» балалар лагері базасында «Одиссея Разума» мектеп бағдарламаларын дамыту орталығы ұйымдастырған 17-ші республикалық жарыс өтті.

Жарысқа Алматы, Ақтөбе, Ресей қалаларынан 45 команда қатысты. Павлодар облысынан 17 команда Ақсу қаласы гиназия мектебінен 2, дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 лицей мектебінен  2,  № 25 жалпы орта білім беру мектебінен 13 команда қатысты.

Жарыстың мақсаты халықаралық «Одиссея Разума» бағдарламасы арқылы оқушы жастардың интеллектуалдық шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту болып табылады. Халықаралық «Odyssey of the Mind» бағдарламасы дарынды жастармен стандартсыз жұмыстардың педагогикалық технологияларын енгізеді. Жарыстың бағдарламасы аралас топтардағы жұмыстар, командалардың ресми көрсетілімдері, туындаған проблемалардан тұрды.

Жалпы командалық есепте чемпион кубогын Павлодар қаласы № 25 ЖОМ командасы иеленді, проблемаларды үздік шешкені үшін «Үздік команда» медалімен № 25 ЖОМ «Эллипс» командасы (жаттықтырушысы Д.Н. Қаратаева) марапатталды. Команданың 11 грамм бальзам ағашынан құрастырылған құрылғылары 42 кг құрады.

1-орынды Павлодар қаласы № 25 ЖОМ «Наурыз» командасы (жаттықтырушысы А.Т. Малгождарова), «Микадо» командасы (жаттықтырушысы Т.Ж. Талипова), дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 лицей мектебінен «Клевер ленд» командасы (жаттықтырушысы С.С. Бастемова), Ақсу қаласы қазақ гимназиясының «Фантастическая семерка» командасы (жаттықтырушысы А.Б. Амренова) иеленді.

2-орынды № 25 ЖОМ «Crazy friend» командасы (жаттықтырушысы А.Е. Қайырғожина), «Легион» (жаттықтырушысы Ж.Б. Төлеубаева), «Үркер» (жаттықтырушысы А.Н. Әбілқасымова), дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 лицей мектебінен «Лидо» командасы (жаттықтырушысы Н.А. Ахметова) алды.

3-орынға № 25 ЖОМ «Star kids» командасы (жаттықтырушысы Ж.М. Мүслімова), «Жастар» (жаттықтырушысы С.М. Төлемісова), «Рейнджер» (жаттықтырушысы А.Ж. Бектасова), «Горячие сердца» (жаттықтырушысы С.Т. Нұрпейісова), Ақсу қаласы қазақ гимназиясынан «220 вольт» командасы (жаттықтырушысы А.Е. Смағұлова) ие болды.

Үздік шығармашылықтары мен тың идеялары үшін Ронатра Фусктің медалімен № 25 ЖОМ 8-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ Арай Жанкарина, 1-сынып оқушысы Даяна Бимағамбетова, дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 лицей мектебінің 8-сынып оқушылары Шакира Дисенова, Әйгерім Мұқажан марапатталды.