ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«ПроЛС» клубының отырысы
12-04-2012 06:49

                №24 мектеп базасында  «ПроЛС» клубының жас мамандары үшін «Сабақты құрастыру» тақырыбы бойынша кезекті отырыс өткізілді.  Оқыту –семинарда ашық сабақтар және «Менің жолымның бастауы...»атты презентациялар ұсынылды.

       Химия,  география, дене шынықтыру, информатика пәндерінің жас мұғалімдері: Аубакирова  А.М. , Абдрахманова А.Е , Мухтарова Г.С.,  Дочкин Н.Г,  Абдыкаримов М. қонақтарға ашық сабақтар дайындап, көрсетті.      Қатысушылар жас мұғалімдердің оқу процесін ұйымдастыруды негізгі форма ретінде алып, заманауи сабағын құруға, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануын, сонымен қатар әр мұғалім алдағы уақытта кәсіби шеберлігін өсіретінін байқады.

    Орыс тілі мен әдебиет мұғалімі Шатаманова Ж.Д. оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру бойынша жұмысын , орыс тілі мен әдебиет мұғалімі Ордабаева А.Г. өздігінен білімдену тақырыбы бойынша жұмысын, бастауыш сынып мұғалімі Ганенко А.С. бастауыш сыныптарының танымдық қабілеттерін дамыту үшін құзыреттілік тапсырмаларды қолдануын, логопед Жумашева А. – тіл дамыту бойынша қандай құралдарды қолдануға болатынын айтып көрсетті, өздерінің әдістемелерімен бөлісті.      Жас психолог Д.С.Ауталиповамен  «Сабақта мұғалімнің өзін-өзі ұстау тәсілі» атты тренинг өткізілді.

     №24 мектептің жас мамандар  ұжымы іс – шараны музыкалық құттықтау ән шашуымен аяқтады.

      «ПроЛС» клубының отырысына келесі мектептердің  жас мамандары қатысыты:№12(2), №13(2), №14, №18, №20, №25, №33, №34(4), №42(2).