Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
2012 жылы Павлодар қаласы мектептерінде өзін - өзі тану кабинеттері сайысының қорытындылары туралы
25-04-2012 09:29

Білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың наурызында өзін - өзі тану кабинеттерінің конкурсы өткізілді, оның мақсаты білім беру үдерісінің қызмет жағдайын жақсарту және жалпы орта білім беру мемлекеттік стандарттарына сәйкес кабинет қызметтерін арттыру болып табылады. 

           Қалалық № 9, № 16 (2), № 21, 22 (2), № 24 (2), № 25 мектептердің 9 өзін - өзі тану кабинеттері сайысқа қатысуға өтініш  білдірді. 

           Комиссия пікірі бойынша аталған мектептер кабинеттері сапалы дайындық көрсете алды. Орташа көрсеткіш бойынша бірінші қатардан № 16, 24 мектептер көрініп отыр. № 25, 9, 22                        (№ 47) мектеп кабинеттері де өз кабинеттерін қажетті деңгейде көрсете білді. № 21, 22 (№ 6) мектеп кабинеттерінің жағдайы оңды деп бағаланып отыр. Барлық мектептердің оқу - әдістемелік жинақтары бар (оқу және жұмыс дәптерлері).

        № 21, 16, 22 мектептерде өзін тану кабинеттері үшін кең орындар бөлінгені барлық талаптарға сәйкес болып отыр.

       № 9, 16, 21, 22, 24, 25 мектеп кабинеттері жақсы жихаздармен жабдықталған.                                                № 16 (№ 313), 24 (№ 15,16) кабинеттері  видеотекамен жабдықталған. № 16 мектептегі кіші буын оқушыларының кабинеті интерактивтік тақтамен жабдықталған, ал жоғары сынып оқушыларын кабинеттері – жаңа заманауи 7 компьютермен жабдықталған. № 9, 16, 21, 22, 24, 25 мектеп кабинеттерінде бейнекамералар мен сандық фотоаппараттар бар. № 16, 21, 22, 24, 25 мектеп кабинеттеріндегі материалдармен қажетті түрде өте мәдениетті ресімделген.

        Кабинеттер сайысында мазмұнына назар аударылды. № 24 мектептің  № 15, 16 кабинеттері,  № 16 мектеп – лицейдің № 308, 313 кабинеттері, № 25 мектептің № 3 кабинеті заманауи кабинет талаптарына сәйкес болып отыр.

         № 9, 16, 22 (№ 6), 24, 25 мектеп кабинеттерінде материалдардың жүйелілігі байқалды.      № 24 мектептегі бұрынғы «Өзінтану» алаңшасында адами – рухани білім жоспарлары мен материалдары түгелдей жинақталған.   

            № 16 мектептің № 308 кабинетінде педагог ардагерлерді қуыршақтар әзірлеуге тарту тәжірибесі қызықты ұйымдастырылған. № 25 мектепте балалардың шығармашылық жұмыстарын ресімдеу бойынша оқушылар мен ата – аналардың жұмыстарына назар аударылып отыр.

  Комиссияға балалар жұмыстарын сапалы ресімдеудің үлкен жинағы ұсынылды.        Сонымен қатар «Өзін-өзі тану» курсын жүргізу бойынша қажетті жағдайлар жасау бойынша бірқатар мектептердің басшылары ешқандай шаралар қолданбаған, бұған сайыстың қорытындылары дәлел болып отыр.

Сараптамалар нәтижесінде 90 % астам талаптарға сәйкес болған кабинет меңгерушілеріне еңбек кітапшаларына енгізілген түрде Алғыс жариялды:

1.

М.А.Фоминаға,

 кабинет №

313

№ 16мектеп

 

2.

Г.С.Жупбековаға,

 кабинет№

16

№ 24мектеп

 

3.

М.Г.Лемешинскаяға,

 кабинет №

15

№ 24мектеп

 

4.

И.Н.Лысенкоға,

 кабинет №

308

№ 16мектеп

 

5.

А.Ш.Абдулинаға,

 кабинет №

1

№ 25мектеп

 

6.

Л.А.Соц ,

 кабинет №

7

№ 9мектеп

 

7.

Р.С Куниязоваға, 

 кабинет №

47

№ 22мектеп

 

Оқушылардың білім алу мен мұғалімдердің жұмысына қажетті жағдайлар жасағаны үшін төмендегі мектеп директорларына Алғыс жарияланды:

 К.М. Куспековаға (№ 16), Н.Ш. Рахимгожинаға (№ 24), С.О. Айтказинаға (№ 25),                             М.К. Мамбетоваға (№ 22), С.В. Завальнаяға (№ 9), Т. Б. Веневитинаға (№ 21);

 Әдістемелік кабинеті қалалық мектептер арасында № 16, 24, 25 мектептердің үздік кабинеттерінің жұмыс тәжірибесін таратады.