Білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың наурызында өзін - өзі тану кабинеттерінің конкурсы өткізілді, оның мақсаты білім беру үдерісінің қызмет жағдайын жақсарту және жалпы орта білім беру мемлекеттік стандарттарына сәйкес кабинет қызметтерін арттыру болып табылады.
Қалалық № 9, № 16 (2), № 21, 22 (2), № 24 (2), № 25 мектептердің 9 өзін - өзі тану кабинеттері сайысқа қатысуға өтініш білдірді.
Комиссия пікірі бойынша аталған мектептер кабинеттері сапалы дайындық көрсете алды. Орташа көрсеткіш бойынша бірінші қатардан № 16, 24 мектептер көрініп отыр. № 25, 9, 22 (№ 47) мектеп кабинеттері де өз кабинеттерін қажетті деңгейде көрсете білді. № 21, 22 (№ 6) мектеп кабинеттерінің жағдайы оңды деп бағаланып отыр. Барлық мектептердің оқу - әдістемелік жинақтары бар (оқу және жұмыс дәптерлері).
№ 21, 16, 22 мектептерде өзін тану кабинеттері үшін кең орындар бөлінгені барлық талаптарға сәйкес болып отыр.
№ 9, 16, 21, 22, 24, 25 мектеп кабинеттері жақсы жихаздармен жабдықталған. № 16 (№ 313), 24 (№ 15,16) кабинеттері видеотекамен жабдықталған. № 16 мектептегі кіші буын оқушыларының кабинеті интерактивтік тақтамен жабдықталған, ал жоғары сынып оқушыларын кабинеттері – жаңа заманауи 7 компьютермен жабдықталған. № 9, 16, 21, 22, 24, 25 мектеп кабинеттерінде бейнекамералар мен сандық фотоаппараттар бар. № 16, 21, 22, 24, 25 мектеп кабинеттеріндегі материалдармен қажетті түрде өте мәдениетті ресімделген.
Кабинеттер сайысында мазмұнына назар аударылды. № 24 мектептің № 15, 16 кабинеттері, № 16 мектеп – лицейдің № 308, 313 кабинеттері, № 25 мектептің № 3 кабинеті заманауи кабинет талаптарына сәйкес болып отыр.
№ 9, 16, 22 (№ 6), 24, 25 мектеп кабинеттерінде материалдардың жүйелілігі байқалды. № 24 мектептегі бұрынғы «Өзінтану» алаңшасында адами – рухани білім жоспарлары мен материалдары түгелдей жинақталған.
№ 16 мектептің № 308 кабинетінде педагог ардагерлерді қуыршақтар әзірлеуге тарту тәжірибесі қызықты ұйымдастырылған. № 25 мектепте балалардың шығармашылық жұмыстарын ресімдеу бойынша оқушылар мен ата – аналардың жұмыстарына назар аударылып отыр.
Комиссияға балалар жұмыстарын сапалы ресімдеудің үлкен жинағы ұсынылды. Сонымен қатар «Өзін-өзі тану» курсын жүргізу бойынша қажетті жағдайлар жасау бойынша бірқатар мектептердің басшылары ешқандай шаралар қолданбаған, бұған сайыстың қорытындылары дәлел болып отыр.
Сараптамалар нәтижесінде 90 % астам талаптарға сәйкес болған кабинет меңгерушілеріне еңбек кітапшаларына енгізілген түрде Алғыс жариялды:
1. | М.А.Фоминаға, | кабинет № | 313 | № 16мектеп |
|
2. | Г.С.Жупбековаға, | кабинет№ | 16 | № 24мектеп |
|
3. | М.Г.Лемешинскаяға, | кабинет № | 15 | № 24мектеп |
|
4. | И.Н.Лысенкоға, | кабинет № | 308 | № 16мектеп |
|
5. | А.Ш.Абдулинаға, | кабинет № | 1 | № 25мектеп |
|
6. | Л.А.Соц , | кабинет № | 7 | № 9мектеп |
|
7. | Р.С Куниязоваға, | кабинет № | 47 | № 22мектеп |
|
Оқушылардың білім алу мен мұғалімдердің жұмысына қажетті жағдайлар жасағаны үшін төмендегі мектеп директорларына Алғыс жарияланды:
К.М. Куспековаға (№ 16), Н.Ш. Рахимгожинаға (№ 24), С.О. Айтказинаға (№ 25), М.К. Мамбетоваға (№ 22), С.В. Завальнаяға (№ 9), Т. Б. Веневитинаға (№ 21);
Әдістемелік кабинеті қалалық мектептер арасында № 16, 24, 25 мектептердің үздік кабинеттерінің жұмыс тәжірибесін таратады.