ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Білім беру көшбасшысы- 2012» қорытындысы
28-04-2012 13:13
«Білім беру көшбасшысы- 2012» қорытындысы

«Білім беру көшбасшысы- 2012» сайысы - білім саласындағы теориялық және практикалық басқарудың жаңа бағыттарын анықтауға, оны зерделеуге бағытталған, Павлодар қаласы білім беру жүйесін модернизациялауға, дамытуға ықпал етер инновациялар мен технологияларды қолдауға, қалалық білім беру мекемелеріндегі оқу мен тәрбие үдерісіне тиімді әсер етер шараларды бағдарлауға арналған.

Сайыстың негізгі мақсаттары :

- жоғары кәсіби рейтингте шығармашылық тұрғыда жұмыс істей алатын көшбасшыларды анықтау;

- қалалық білім беру мекемелеріндегі басшылардың (бұдан әрі басшылар) әлеуметтік және кәсіби мәртебесін қалыптастыру ;

- басшылардың қалалық білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесін көпшілік алдында таныту;

- дарынды басшыларды қолдап, марапаттау;

- басшылардың біліктілігін арттыруға ықпал ету;

- басшылық қызметіндегі алдыңғы қатардағы тәжірибелерді насихаттау;

                                             

Жеңімпаздар келесі  номинациялар бойынша анықталды:

«Кәсіпқой – менеджер»  №42 ЖОМ  ДОТЖО  Акишева  Б.М

«Болашаққа бағытталған қадам» №41 ЖОМ директоры Ерубаева А.Ж.

«Сапа шыңы» №17 ЖОМ психологтары ОвчароваЛ.С., Кенесбаева М.К.

«Жетістік амалы» №21 ЖОМ ДТЖО Бондаренко Р.Х.

«Ашық әлем» №23 ЖОМ директоры Макулов С.И.

 «Дебют» №30 ЖОМ әкімшілігі  Слямова С.Ш., Макишева А.К.,Четверик О.Ю., №1 ЖОМ сынып жетекшісі Жусупов М.Ж.,

 Сайысқа  қатысқаны үшін №21 ЖОМ ДОТЖО Сувороваға Л.Ф. және №25 ЖОМ физика пәнінің мұғалімі Карибжановаға   Ә.К. алғыс жарияланды.