Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Павлодар қаласы мектепке дейінгі балалар мекемелері дайындық топтарының тәрбиеленушілеріне арналған «Жауқазын» бірінші интеллектуалдық олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз
03-05-2012 14:43

 

2012 жылғы 25 сәуірде аймақтық «Ертіс дарыны» ғылыми-тәжірибе орталығының ұйымдастыруымен Павлодар қаласы мектепке дейінгі балалар мекемелері дайындық топтарының балаларына арналған «Жауқазын» олимпиадасының қорытынды туры өтті.

Олимпиадаға Павлодар қаласының 22 мектепке дейінгі балалар мекемесінен 32 тәрбиеленуші қатысты.

Бірінші дәрежелі дипломдармен келесі тәрбиеленушілер марапатталды: № 35 сәбилер бақшасынан Әсем Темірбай, № 96 «Радуга» сәбилер бақшасынан Эллина Кузьмичева,             № 19 ЖОМ жанындағы шағын орталықтан Томирис Сабеш, «Этномәдени тәрбие орталығы» № 120 сәбилер бақшасынан Аслан Қайырбай.

№ 72 сәбилер бақшасынан Богдан Тарченко, № 96 «Радуга» сәбилер бақшасынан Шыңғыс Жақсылық, № 24 сәбилер бақшасынан Варвара Карачкина, № 12 сәбилер бақшасынан Жұлдыз Қабиболла, № 50 сәбилер бақшасынан Камила Токушева сияқты тәрбиеленушілер екінші дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Үшінші дәрежелі дипломдармен № 85 сәбилер бақшасынан Тимофей Иванов, № 29 сәбилер бақшасынан Артем Ляхов, № 85 сәбилер бақшасынан Мария Лебедева, № 3 сәбилер бақшасынан Егор Семешкин, № 53 сәбилер бақшасынан Александра Баранова, № 3 сәбилер бақшасынан Батырхан Тілектес, № 6 сәбилер бақшасынан Мөлдір Совет сияқты тәрбиеленушілер марапатталды.

«Алғыр болғым келеді», «Ойшыл балдырған», «Талапты бөбек», «Зерек бүлдіршін», «Білімпаз», «Жеңіске ұмтылу», «Нағыз сөз шеберіне», «Шығармашыл ойшыл», «Ең сүйкімдіге», «Олимпиадалық күн», «Білім жолымен», «Алғашқы бәйшешектер» номинацияларымен 16 мектепке дейінгі бүлдіршін марапатталды.

Олимпиада қатысушыларын табысты дайындағандары үшін 4 мектепке дейінгі балалар мекемесі марапатталды: № 35 сәбилер бақшасы, № 96 «Радуга» сәбилер бақшасы, № 19 ЖОМ жанындағы шағын орталық, № 120 «Этномәдени тәрбие орталығы» сәбилер бақшасы.