Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Менің педагогикалық ұстаным» іріктеу айналымының қорытындысы
15-09-2014 07:02
«Менің педагогикалық ұстаным»  іріктеу айналымының қорытындысы

Павлодар қаласының білім беру бөліміжоспарына сәйкес оқу үрдісін жандандыру, педагогикалық инновациялық тәжірибе жинақтап тарату, оқытудың  әдістерімен тәсілдерінің  пәнді  игерудің  тың технологиясын іздестіру,  оқушылардың білім деңгейін, оқу ынтасын, белсенділігін  арттыруды тәжірибеде  іске асыратын,  шығармашылықпен, ғылым мен тәжірибе тоғысында заман талабымен жұмыс жасайтын, білім беру жүйесін дамытуға ықпал ететін дарынды ұстаздарды анықтау мақсатында жыл сайын қалалық «Жыл мұғалімі» сайысы өткізіледі.

Сайыс  деңгейлі курс өткен мұғалімдері үшін өткізіледі.

Сайысқа 29 қала мектептерінен (№№1, 4, 5, 6,7,9, 11, 12, 13, 14, 16, 17, 18, 20, 21, 22, 24, 25, 27, 28, 29, 30, 34, 35, 36, 40, 41, 42, 43) 53 мұғалім (биология – 3, химия – 2, география –2, информатика – 1, бастауыш сынып – 20, ағылшын тілі - 6, тарих- 6, қазақ тілі - 12, орыс тілі -1) тапсырыс берді.

Әділқазы алқасының мүшелері білім беру бөлімінің, ЖОО өкілдері, директордың оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарылар, қала мектептердің жоғары санаты тәжірибелі мұғалімдер тағайындалады.

«Жыл мұғалімі-2014» қалалық сайысының жеңімпаздары «Үміт», «Шеберлік шыңы», «Шоқ жұлдызы» номинацияларында дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталынады.

Бірінші іріктеу айналымы«Менің педагогикалық ұстаным»  (өзін-өзі таныстыру) 2014 жылғы 12 қыркүйек БШҰО негізінде өтті. «Менің инновациялық тәжірибем» (мастер-класс) 2014 жылғы 16 қыркүйек БШҰО негізінде өтеді. Екінші іріктеу айналымы – практикалық (бейтаныс сыныпта ашық сабақ өткізу) - 2014 жылғы 25 қыркүйек №39 ЖОМ негізінде  өткізіледі.

Біінші іріктеу айналымының қорытындысы бойынша келесі айналымына қатысушылар анықталды. Олар:

«Үміт» номинациясы

Жагипарова М.Б., №1ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі, Дацюк А.Ф., №17 ЖОМ тарих мұғалімі, Смагулова К.Е., №25 ЖОМ тарих мұғалімі, Солнцева Р.В., №34 ЖОМ ағылшын тілі мұғалімі

 «Шеберлік шыңы»

 №12, 24,20, 36 ЖОМ қазақ тілі мұғалімдері Жумабекова А.А., Букарбекова У.С., Шажанканова Б.М., Абдрахманова Г.К., №11, 40 ЖОМ тарих мұғалімдері  Зотова К.А., Камзина А.А.,  №5,17,18, 21, 22, 42 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімдері Чупрова С.А., Цымбал О.В., Гончарова Д.С., Иванова Н.В., Дюсенова Р.К., Бердыгожаева Ж.А., Акимжанова А.А., №14, 22ЖОМ биология мұғалімдері Касымханова А.Г., Жакишева Д.Б., №25 ЖОМ химия мұғалімі Искакова Г.С., № 13,16 ЖОМ ағылшын тілі мұғалімдері Ахмульдинова М.Е., Баканова Д.Б., №12 ЖОМ  география мұғалімі Амирова Д.Б.

 «Шоқ жұлдызы»

 №43 ЖОМ биология мұғалімі Трубецкая Т.Н., № 28, 24, 35 ЖОМ  бастауыш сынып мұғалімдері Анушкина О.В.,Туманбаева Н.Г., Аманжолова Г.Ж., Дюсенбаева А.С.,  № 16, 29, 42 ЖОМ қазақ тілі мұғалімдері   Сыздыкова А.М., Кожахметова М.А., Абылова М.Ж., №41 ЖОМ география мұғалімі Турсунбаева Н.К.

 

Нұрахметова Ш.С.,

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің

әдістемелік кабинетінің меңгерушісі