Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
"Балбұлақ" балалар конкурсы
05-05-2012 05:20

Жыл сайын мектепке дейінгі мекемелер тәрбиеленушілері арасында өтетін дәстүрлі “Балбұлақ” конкурсы биыл да Павлодар қаласы білім беру бөлімінің бастамасымен жалғасын тапты. Бұл конкурс  № 5 сәбилер бақшасының аясында, қазақ бала бақшаларының тәрбиеленушілері арасында өткізілді.

Конкурстың  жарқын, көңілді өтуіне ат салысқан демеушілеріміз Казкоммерцбанк акционерлік қоғамының Павлодар облыстық филиалы мен Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы.

Конкурстың қонақтары № 17, 53, 84 сәбилер бақшаларының тәрбиеленушілері болды.

Әділқазылар алқасының құрамына Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты мен педагогикалық колледждің және Казкоммерцбанк акционерлік қоғамының Павлодар облысының филиалынан, Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасынан  өкілдер  қатысты.  

Балалардың көрсеткен тілдік дайындықтарының жоғары деңгейіне  әділқазылар алқасы  тәнті болды.  Конкурстың   жеңімпаздары                  № 122 мектепке дейінгі гимназиясының тәрбиеленушілері 1 орынды,                     № 12 сәбилер бақшасының тәрбиеленушілері 2 орынды, № 10 сәбилер бақшасының тәрбиеленушілері 3 орынды иеленді. Сонымен қоса, әділқазылар алқасы балаларды өздерінің көрсеткен өнеріне тән аталымдармен де марапаттады.

-“Тіл үйрену -  ұлы іс” аталымына №  7 сәбилер бақшасының тәрбиеленушілері:

-“Біз кішкентай патриоттармыз” аталымына № 120 сәбилер бақшасының тәрбиеленушілері;

-“Әртістік пен шығармашылық” аталымына № 5 сәбилер бақшасының тәрбиеленушілері:

Конкурстың  жеңімпаздары мен жүлдегерлерін  шын жүректен құттықтаймыз! Балалардың қадамдарына сәттілік, педагогтардың жұмысына шығармашылық табыс тілейміз!