ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп директор орынбасарларының оқыту-семинары
10-05-2012 13:26

Басқарудың ең қиыны - ол бақылау аналитикалық жүйе және коррекциялық әрекет.Оқу – тәрбиелік барысының  барлық жүйесі бақылаумен қамтылыды. Әр диагностикалық кезең кері динамиканы анықтаумен аяқталады. Бұл мәліметтер педагогикалық талдаумен коррекцияға негіз болып табылады.Мұндай талдау әр оқушының білім сапасын жоғарлатуға және әр мұғалімнің сапалы білім беруін  қамтамасыз етуге бағытталған.

     №7 мектеп базасындаәдістемелік жұмыстарды қадағалаушыларға, жас директор орынбасарларына, мектеп директор орынбасарларына аналитикалық анықтама жазу бойынша  кезекті оқыту – семинары

өткізілді.

     30 -дан астам  директор орынбасарлары топпен жұмыс істей отыра, педагогикалық талдаулардың аспектілерін қарастырды. Технологияға енудің бірінші кезеңі теориялық материалдарды қарастыру мен анықтамаларды жазу бойынша болды. Әр топтың мүшелері анықтама жазу бойынша алгоритмді құрастырып, мектепішілік бақылау бойынша бұрынғы анықтамаларды  және жақын шетелдегі, республикадағы, қала мектептеріндегі әріптестерінің жазған анықтамаларын қарастырып, талқылады. Әдістемелік жаңалықтар, мектептегі әдістемелік жұмысты басқарудың  «құпиясы» және пәнді жүргізу жағдайын бақылау әр түрлі пікірлер туғызып,талқылаудың өзекті мәселесі болды және бұл бақылаудың түрін өз мектептерінде де қолдануды қарастыруға ниет білдірді.

   Директор орынбасарларының бірге істеген жұмысы жаңа амалдар ашып, алған білімдері және тәжірибелерін қолдануға, ЖММ жұмысында жас және тәжірибелі жетекшілерге педагогикалық ұжымды басқаруға, функционалдық міндеттерді жоспарлауға, ұйымдастыруға көмектеседі.

  Біз нәтижеге жету үшін бізге кәсіптік ұстаздық әуесқойлықпен есесін толтыру және мезгілімен қойған мақсатқа жету керек екенін түсінеміз.

      Топтарда  Кашемирова Е.Г., Бойченко С.А., Минаева Е.И., Джежора Н.И., Дорденко Н.В.,   № 7, 13, 40, 2, КОМ мектептерінің директор орынбасарлары модераторлар болды.

   Келесі семинардың тақырыбы мектепішілік бақылау бойынша анықтаманың сараптамасы болады.

    Мектеп директор орынбасарларының ең үздік анықтамалары «Директордың орынбасарларына көмек» әдістемелік құралға  және әдістемелік бірлестіктің,шығармашылық топтардың, қала мектеп директорларының жетекшілерін оқыту үшін арналған электрондық әдістемелік журнал  «Электрондық дайджестке» енеді.

                               «Өзгелерді үйретіп, өзің үйренесін».    

                                                                                          Т.Эдисон

 

 

                                  Нұрахметова Ш.С., әдістемелік кабинеттің меңгерушісі