Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мемлекеттік тілде оқытатын қалалық бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық тобының бақылау өлшеуіштері бойынша кезекті, қорытынды отырысы өтті.
11-05-2012 12:01
Мемлекеттік тілде оқытатын  қалалық бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық тобының бақылау өлшеуіштері бойынша кезекті, қорытынды отырысы өтті.

      №7 жалпы орта білім беру мектебінде 2012 жылдың мамыр айының           4 күні қалалық шығармашылық  тобының бақылау өлшеуіштері бойынша қорытынды семинары өтті.

      Шығармашылық топ 2011-2012 оқу жылында көп жұмыстар атқарды.

 Әр сыныпқа арналған пәндер бойынша жылдық тақырыптық-күнтізбелік жоспар үлгілерін құрастырды.Жинақтағы материалдар мазмұны оқулықтың тақырыптарымен ұштастырылып,оқу бағдамарласына, мемлекеттік стандартқа сүйеніп жасалды.Сонымен қатар бастауыш сыныптарға арналған бақылау өлшеуіштерінің жиынтығын бірлесіп жасады.Жинақтағы материалдар бастауыш сатыда оқушылардың қазақ тілі, ана тілі, математика пәндері бойынша білімдерін қадағалауға,жетілдіруге, логикалық ойлау қабілеттерін,өздігінен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға,пәндер мазмұнына байланысты сауаттылықтарын дамытуға бағытталған

және заман ағымына сай жаңа буынды заманауи тестерін құрады.

   Семинарда жыл көлеміндегі атқарылған жұмыстары қорытындыланып, келесі жылдың жұмыс жоспарына ұсыныстар жасалды.

  Осындай бірлестіктің тиімді жұмыс атқарғанына ризашылығымды білдіре отырып, шығармашылық топ мүшелеріне алғысымды білдіремін.

 

 

 

 

 

                                                                      Автор: ҚайырғазинаШ.Ш.

                                                                                   білім беру бөлімінің әдіскері