Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қалалық бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық тобының технологиялар бойынша кезекті, қорытынды отырысы өтті.
11-05-2012 12:03
Қалалық бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық тобының технологиялар бойынша кезекті, қорытынды отырысы өтті.

       2012 жылдың мамыр айының 7 жұлдызында қалалық шығармашылық  тобының технологиялар бойынша тәжірибе алмасу қорытынды семинары өтті.                                                                                                                                                      

      Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – қазіргі таңда оқу үрдісінің өзегі жаңа технологиялар екені мәлім. Кез – келген оқыту технологиясы ұстаздардың білімділігі мен біліктілігін, педагогикалық шеберлікті талап ететіні сөзсіз.       Олай болса, биылғы 2011 – 2012 оқу жылында , бастауыш сынып мүғалімдерінің басын қосып, жаңа технология – бұл  қандай да бір жұмысты, өнерді, шеберлікті іске асыру жиынтығы екендігін түсіндіре отырып, «Step by Step», «Жеке тұлғаға бағытталған» технологиясын қолдануға ұсынылды. Міне, осы технологиялар бойынша шығармашылық топтар жыл бойы оқу мен қатар практика жүзінде әр мектепке барып, ашық сабақтар, семинар өткізіліп отырды. Барлық мұғалімдер шақырылып, ортақ пікір – талас туғызып, ортақ шешім қабылданып отырылды.                                         Мұндай  бас қосулар мен ортақ бірлесіп істеген жұмыстардың үлкен нәтижесін де өздері көріп отыр. Сондай – ақ мұндай технологиялар мен оқыту оқушылардың білімі мен біліктілігін арттырып, білім сапасын арттыруға зор үлес қосуда.                                                                                                        

       Әр бас қосулар өз нәтижесін беріп отыр. Сондықтан білім беруде жаңа технология мен оқыту жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мен оқыту әдістерін ғана емес, сонымен қатар жаңашылдық пен келесідей оқу – тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі.

- Оқу үрдісін дербестендіру. Мәселен, оқушы өзінің білімін бақылап, бағалауға мүмкіндік алады.

 - Берілген материалды меңгеру жылдамдығын арттыруға болады...

    Міне, бүгінгі таңда жаңа технологиялар  оқу  үрдісінде қолдануда.

Жыл бойы шығармашылықпен жұмыс істеген топ, тиімді де нәтижелі қорытындыға жетті. Ал осындай нәтиже шығарған,келесі топ жетекшілеріне өз ризашылығымды білдіремін:Вакпаева З.В.№7ЖОМ«Жеке тұлғаға бағытталған», Бектасова А.Ж.№25 ЖОМ «Step by Step», Шарипова А.С.

№4 ЖОМ «СТО бағдарламасын қолдану» технологиялары

 

 

                                                           Автор: ҚайырғазинаШ.Ш.

                                                                       білім беру бөлімінің әдіскері