ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«ІІІ Абай Құнанбайұлы оқулары» қорытындысын қуана хабарлаймыз
16-05-2012 06:56
«ІІІ Абай Құнанбайұлы оқулары» қорытындысын қуана хабарлаймыз

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес № 35 жалпы орта білім беру мектебінде  қаланың бастауыш сынып  оқушыларының арасында  қазақтың  бас ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығын  кеңінен насихаттау мақсатымен қалалық деңгейде 2012 жылғы  15 мамырда  дәстүрлі қалалық  «ІІІ Абай Құнанбайұлы оқулары» өткізілді.

Абай оқуларының басты мақсаты – мектеп оқушылары арасында Абай шығармаларын насихаттау, жалпы бiлiм беретiн оқу орындары бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабiлеттерiн, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезiм мәдениетiн дамыту, оқушыларды Абай поэзиясына, ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйiспеншiлiкке тәрбиелеу,оқуға қатысушы оқушылардың орындаушылық шеберлігін арттырып, олардың өнерінің шыңдала түсуіне,сахналық мәдениетін көтеруге арқау болу.

Қалалық деңгейде өткен оқуға қала мектептерінің ішінде қатысуға ынта білдіріп, жоғары белсенділік көрсеткен мектептер: №1, 2, 4, 5, 6, 7,9, 11, 12,13, 16, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 27, 29, 31,32, 33,34,35, 38,39,40,41, 42, 43, КОМ, Стикс

 ( 32 мектептен 70 оқушы қатысты).

Мүлдем қатыспаған мектептер:  14,15,18, 23, 26, 28,30,36.

Жүзден жүйрiк, мыңнан тұлпарларын анықтау үшiн қалалық білім беру бөлімінің қызметкерлерімен бірге  білікті ұстаздар және облыстық ақындар орталығының жетекшісі - Асығат Сәулетұлы Тұрғанбеков бағалады.

«ІІІ Абай Құнанбайұлы» оқулары бойынша:

 «Өлең – сөздiң патшасы, сөз сарасы» мәнерлеп оқу  аталымынан

Бас жүлдеге №38 ЖОМ оқушысы Гүлнара Жанболат ие болды;

І орынға – №40 ЖОМ оқушысы Арман Құралай иеленді;

ІІ орын алғандар: №12 ЖОМ оқушысы Қанағатов Данияр

                              №21 ЖОМ оқушысы УразбаевДінмұхаммед

                              №  22 ЖОМ оқушысы Қожанова Гүлдана

                              № 25 ЖОМ оқушысы Баймулдинова Амина .

ІІІ орынды №9 ЖОМ оқушысы Синцова Алла

                  №21 ЖОМ оқушысы Палиева Валерия

                  №35 ЖОМ оқушысы Қасымжанова Зухра

                  №33 ЖОМ оқушысы Мұхамеджан Аружан   бөлісті.

 Арнайы мадақтамалар мына мектеп оқушыларына табысталды.№ 2, 4,7, 16,17, 19,24, 29,32, 34,38, 39,43,Стикс .

        «Жүйрiктен жүйрiк озар жарысқанда» жас ақындаршығармашылығы номинациясынан

Бас жүлдеге №40 ЖОМ оқушысы Элгуат Мерей ие болды.

І орынға – №21ЖОМ Маратов Ерасыл иеленді.

ІІ орындарды  – №17 ЖОМ оқушысы Усаханова Айсана

                            №25 ЖОМ оқушысы Тұрғанбек Ақжүніс

                           № 35 ЖОМ оқушысы Табылды Әділет

                           № 38 ЖОМ оқушысы Хұнафия Бақдаулет алды. 

ІІІ орынға -  №2 ЖОМ оқушысы Ақылбекова Дариға

                    №4 ЖОМ оқушысы Құсаинова Карина

                    №22 ЖОМ оқушысы Үшкірбеков Дастан

                    №17 Сембаева Айзере қол жеткізді.

Арнайы мадақтамаға мына мектеп оқушылары ие болды: № 12,39.

 «Құлақтан кіріп бойды алар,әсем ән мен  тәтті күй» әндер орындау номинациясынан

Бас жүлдеге №25ЖОМ оқушысы Капасов Балтабек ие болды.

І орынды № 35 ЖОМ оқушысы Сушенова Томирис иеленді;

ІІ орындарды – № 25 ЖОМ оқушысы Нұрмұханбетов Ерасыл

                           № 17 ЖОМ оқушысы Аменова Гүлвира

                           №19 ЖОМ оқушысы Ғабдолла Аружан

                           №39 ЖОМ оқушысы Хамит Марал  алды.

ІІІ орындарға  №12ЖОМ оқушысы Чайзатова Перизат

                        №22 ЖОМ оқушысы Амангельдинова Камила

                        № 41 ЖОМ оқушысы Колобова Валерия

                         №34 ЖОМ оқушысы Латов Сергей  жеткізді.

Арнайы мадақтамаға мына мектеп оқушылары ие болды: № 2,21.40,34,КОМ

 Заманымыздың осындай дарынды балаларына қарап, қуанышымыз қойнымызға сыймай, осы ұрпақтарға келешекте де тек жеңiстердiң шыңдарынан көрiне берсiн ,  тұғырлы табыстарға жете берсін дегiмiз келедi.

                         ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 

                                               Бекбосынова Х.В.,білім беру бөлімінің әдіскері

                                                        Павлодар қаласы