№ 17 жалпы орта білім беру мектебінің аясында «Жас директор» мектебінің кезекті отырысы өткізілді. Электрондық оқыту бойынша пилоттық жобаға дайындалу кезекті отырыстың тақырыбы болды.
Жас басшылар алдында № 29 ЖОМ директоры Ф.И. Ибрагимов сөз алды.Ол Алматы қаласындағы мектептерде электрондық оқытуды енгізу туралы айтты. Сонымен қатар мектептегі бақылауды жүзеге асыруда электрондық журналды құру әдістемесімен бөлісті.
№ 17 мектептің әкімшілігі ақпараттық электрондық құрал мүмкіндіктерімен таныстырды. Бұл құралдың құрамына мұғалім портфолиосы, қазақ тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік портфолиосы, директордың орынбасарының электрондық мониторинг портфолиосы енгізілген.
Әріптестерінен алған тәжірибені жас басшылар алдағы уақытта өз жұмыстарында қолданады деп сенеміз.