Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Іс-әрекет ұйымдастыру ойындары - 2012
30-05-2012 06:13
  Іс-әрекет ұйымдастыру ойындары - 2012

      Әдістемелік кабинетінің мектеп мұғалімдерімен іскерлік бағыттарының бірі – орнықты кәсіптік біліммен инновациялық ойлау және тәжірибе-бағдарлық, ізденушілік тәсіл арқылы нақты білім беру мәселелерін шешу болып табылады.  

Оқыту процесінің жобалау және бұл жобаны әрі қарай іске асыру ,  технология деңгейіне өту мұғалімге кәсіпқой болуға, жеке тұлғасын дамытып, білім берудің баламасын шығарады және бағдарламаның авторы,яғни мұғалімнің шығармашылығының дамуына жаңа белестер ашылады.

Әр мектептің оқу-тәрбие процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу бойынша жаттықтырушыларды дайындау үшін 3 жылдық іс-әрекет ұйымдастыру ойындары ұйымдастырылды.  Теориялық материалды оқып білетін қатысушылар, тәжірибеде осы 10 технологияны іске асырып,демалыс кезінде меңгереді, мектеп қауымдастығында апробациялап, жинаған мектеп материалдарының сараптамасына қатысады.

Бүгінгі таңда қала мектептерінің мұғалімдері 76% оқу-тәрбие процесіне жаңа педагогикалық технологияларды белсенді енгізеді.

Жоғары белсенділік және өзінің еңбегінің нәтижесі қызықтыратыны байқалады:  134 педагог арнайы курстардың авторлары, 18 мұғалім бейімдеу бағдарламаларын құрастырды,189  оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік құралдар, мақалалар басылып шығарылды, 60 мұғалімнің жұмыс тәжірибесі қала деңгейінде жинақтап қорытылды.

Қала мұғалімдеріне 32 әрдайым жұмыс істейтін шығармашылық топтарда,№34 ЖОМ базасында құрылған педагогикалық шеберханаларда,мәселелі оқыту-семинарларында, шебер сағаттарда, технологияларды оқып білу және апробациядан өткізу орталықтарында жұмыс істеуге мүмкіншілік туғызылған: Дербес оқыту технологиясы ( № 26, 41, 28, 9, 42, 20 ЖОМ), Степ-бай-Степ (Тәй-тәй)( № 39, УВК-42, 35, 25, 17, 21 ЖОМ), ұжымдық оқыту (№ 34, 38, 13 ЖОМ) М. Жанпеисованың модульдік технологиясы (№ 4, 7, 9, 11, 14, 16, 17, 18, 20, 24, 25, 34, 35, 36, 39, 41, 42, 43ЖОМ),    RWST(1, 2, 4, 5, 6, 7, 9, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 29, 30, 34, 35, 36, 39, 40, 41, 42, 43, КСОШ, СТИКС), жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологиясы (№1, 2, 4, 5, 6, 7, 13, 14, 16, 17, 18, 25, 27, 28, 29, 39, 40, 41, 42, 43, СТИКС), толық меңгеру технологиясы(СТИКС, 23, 18, 22, 5, 21, 26, 7, 9 ЖОМ), Ж. Караев технологиясы (№ 2, 4, 25, 33, 35 ЖОМ),  педагогикалық шеберхана (№34, 4,  9, 13, 39 ЖОМ), АҚТ (№1, 36, 39, 38, 5, 6, 7, 2, 4, 9, 20, 26, 28, 29, КСОШ, 41, 42, 43 ЖОМ ).

Жаттықтырушы мектебінде қорытынды отырысында жыл сайын сынақ жүйесі ұйымдастырылады және тамыз педагогикалық оқуларда жаттықтырушыларға сертификаттар табысталады. 

       №42 мектеп базасында кезекті мектеп және қала деңгейіндегі жаттықтырушы мәртебесін қорғау өткізілді.

      240 қатысушыданөзінің тәжірибесіне инновациялық технологияларды енгізетін және қала, мектеп деңгейінде өзінің тәжірибесін тарататын 64 мұғалімгеқорғауға  рұқсат етілді.

      Мектеп деңгейіндегі жаттықтырушы мәртебесіне 35 үміткер болып, 35 мұғалім қорғалды, қала деңгейіндегі жаттықтырушы мәртебесіне 29 үміткер болып, 16 мұғалім оны қорғап шықты.

    Жаттықтырушы мектебінің 3 жыл бойы келесі мұғалімдер модераторлары болып  келеді: Акишева Б.М(  № 42 ЖОМ), Бояринцева А.А. ( № 36 ЖОМ), Алимова З.И ( № 36 ЖОМ) , Косова Л.П , Липатова А.Я ( № 41 ЖОМ), Барвих С.Н. ( № 28 ЖОМ), Абубакарова Е.И.(№ 26 ЖОМ), Таженова Н.А.(№ 9 ЖОМ), Арляпова Н.В., Устина Н.А., Савченко Н.Б., Еленич Н.А. ,  Шавенкова Н.П. (№ 34 ЖОМ), Ендураева Е.Ю (№39 ЖОМ), Садовая И.Н., Потарская Е.(№43 ЖОМ), Мурадымова Г.Х ., Вирясова Н.В( № 17 ЖОМ), Козлова Н.А., Шарипова А.С.(№4 ЖОМ), Захарова  И.А(№ 14 ЖОМ), Грабович Т.Л. (СТИКС).

Мектепте мұғалімнің инновациялық істерге дайын болуы, жеке дамуының қызығушылығы, кәсіптік құзыреттілікті шыңдайтын жаңа формаларын іздеу туралы мұғалімдердің пікірі іс-әрекетті ұйымдастыру ойындарының құндылығын көрсетеді.

  

                            

                           Ш.С. Нұрахметова,  Павлодар қаласы білім беру бөлімі   

                                                            әдістемелік кабинетінің меңгерушісі