Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Ең үздік ұстаз -2012» республикалық сайыстың бірінші кезеңі
30-05-2012 06:20

2011- 2012 оқу жылында мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі және жалпы білім беру педагогтар арасында  алғашқы рет  «Ең үздік ұстаз» республикалық сайыс өткізгелі жатыр.

Сайыстың мақсаты ұстаз мамандығының мәртебесін көтеріп, республикадағы шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің еңбектерін ынталандыру.

      Республикалық сайыс комиссиясы жеңімпазды анықтап, «Ең үздік ұстаз» атағын береді. Бұл атаққа ие болған ұстазға Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген қаржы жылына сәйкес республикалық бюджеттен 1000 еселі  айлық есеп көрсеткішінен атақ иегерінің есеп шотына біржолғы сыйақы аударылып, төленеді.          Сайыс 3 кезеңнен тұрады.Бірінші кезең – қалалық, екінші кезең – облыстық, үшінші кезең – республикалық.  

      Білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті сайыстың бірінші кезеңіне қорытынды жасады, бұл кезеңге  17 шығармашылықпен жұмыс істейтін қала мектептерінің мұғалімдері қатысты: Выгузова Александра Владимировна, №4 мектебінің биология мұғалімі, Якушева Лариса Афанасьевна, Төлебаева  Баян Төлеубекқызы,  Орел Елена Михайловна, Рыбак Светлана,№9 гимназия-мектебінің физика, тарих, бастауыш сынып мұғалімдері, Бабич  Ирина Михайловна,№16 лицей-мектебінің химия мұғалімі, Бурумбаева Әйгерім Абайқызы,№18 мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Гайдукова Надежда Анатольевна, №20 лицей – мектебінің тарих мұғалімі, Жақсылықова Жанар Жұмағұлқызы,№21 бастауыш сынып мұғалімі,  Молдабаева Гүлмира Тельманқызы, Темирғалиев Серік Қарымсақұлы, №22 мектептің физика және дене шынықтыру мұғалімдері, Жұмабаева Әсия Қамалиденқызы, №29 мектептің география мұғалімі,Неғманова Құралай Уахитқызы, №41 қазақ тілі мұғалімі, Носова Лариса Яковлевна,  №42 мектептің дене шынықтыру мұғалімі, Шмидт Лидия Андреевна, Левина Наталья Петровна, Төлеубаева Мәнзиля Серікбайқызы, СТИКС мектебінің неміс, ағылшын, қазақ тілдерінің мұғалімдері. Сайыстың облыстық екінші кезеңіне келесі мұғалімдер өтті: Бабич Ирина Михайловна ,№16 лицей–мектебінің химия мұғалімі, Жұмабаева Әсия Қамалиденқызы, №29 география мұғалімі.

              Сайыскерлерге сәттілік және жеңіс тілейміз!

 

 

 

                           Ш.С. Нұрахметова,  Павлодар қаласы білім беру бөлімі   

                                                            әдістемелік кабинетінің меңгерушісі