Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
ХІІІ облыстық мектепке дейінгі балалар шығармашылығының «Бүлдіршін» фестивалі
31-05-2012 05:04

 

2012 жылғы 29 мамырда «Достық» концерт залында Павлодар облысы білім беру басқармасының ұйымдастыруымен ХІІІ облыстық мектепке дейінгі балалар шығармашылығының «Бүлдіршін» фестивалі өтті. Фестивальға Асу, Екібастұз, Павлодар қалалары, Баянауыл, Лебяжі, Май және Павлодар аудандарынан балабақшалар, шағын орталықтар және мектептердің мектепалды сыныптарының тәрбиеленушілері қатысты.

Сайыстың мақсаты - мектепке дейінгі жастағы балаларды эстетикалық тәрбиелеу жөніндегі жұмысты белсендендіру, жас дарындарды анықтау, мектепке дейінгі жастағы балалардың көркемдік шығармашылықтарын дамыту

Фестиваль жанрлары вокал (хор, жеке дауыста орындау, халық және эстрада әндері), хореография (халық, эстрада, спорттық билер),балалар оркестрі, көркем сөз (проза, өлең оқу, қойылымдар). Облыстық көпжанрлы мектепке дейінгі балалар шығармашылығының фестивалі жыл сайын білім беру ұйымдарында, аудандық және қалалық турлар, облыстық турларда өтеді. Облыстық іріктеу турға 1064 мектепке дейінгі бала қатысты.

Фестивальдің 3-ші облыстық турының жеңімпаздары 37 үздік номер көрсеткен 331 кішкентай әртіс Гала-концерттің лауреаттары атанды. Олар Павлодар қаласының № 4, 24, 38, 96, 115, Ақсу қаласының № 16, Екібастұз қаласының № 6, 9, 15 балабақша ұжымдары, Баянауыл ауданы Ш. Айманов атындағы гимназиясының дайындық тобының тәрбиеленушісі болды.

Гала-концерт лауреаттары фестиваль дипломдарымен марапатталды.