Білім беру мен тәрбиелеу сапасын арттырып, қызмет барысындағы нәтижелер көрсеткіші үшін жалпы орта білім беру мектептері басшыларының жауапкершілігін арттыру мақсатында 2011 – 2012 оқу жылдары мектеп қызметтерінің рейтингтік көрсеткіштері бекітілді.
Рейтингтік баға қызметтегі әртүрлі салалар бойынша педагогикалық ұжымдардың қызметін белсендетуге ықпал етті. Сараптама барысында №25, 9, 39, 34, 17, 22, 41, 42, 43, мектептеріндегі педагогикалық ұжымдардың рейтингтік бағалары жоғары екені анықталды.
Лицей 20, лицей №16, № 29, 19, 35, Стикс, 36 мектептегі педагогикалық ұжымдардың ОТҮ ұйымдастыру деңгейі жоғары екені белгілі болды. 18 мектептердің педагогикалық ұжымдары 2010- 2011 оқу жылының қорытындысымен салыстыру бойынша бағалау көрсеткіштерін жақсартты (№7, 9, 11, 13,16, 17,19,20, 21, 23,24,26, 27,29, 30,34,40, 41).