ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Алғашқы әскери дайындықтың үздік оқытушы-ұйымдастырушысы» облыстық конкурсы
15-06-2012 03:51

 

2012 жылғы 12 маусымда облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған кадет мектеп-интернаты базасында «Алғашқы әскери дайындықтың үздік оқытушы-ұйымдастырушысы» облыстық конкурсы өткізілді. Конкурсқа қалалық және аудандық конкурстардың жеңімпазы болған барлығы 11 оқытушы қатысты.

Конкурстың теориялық бөлімінде қатысушылар от ісі, сап түзеу дайындығы, азаматтық қорғаныс бөлімдерінен тұратын сабақ өткізді, практикалық бөлімде – АК-74 Калашников автоматын бөлшектеу және жинау, жалпы әскери қорғаныс  жиынтығын кию және пневматикалық винтовкадан оқ ату жөніндегі жаттығулар.

Қалалық мектептің оқушылары арасында 1-ші орын – Павлодар қаласының № 26 ЖОМ алғашқы әскери дайындықтың үздік оқытушы-ұйымдастырушысы В.В. Вайгант, 2-ші орын – Павлодар қаласы № 16 лицей-мектебінің оқытушысы Ю.П. Дорденко, 3-ші орын – Екібастұз қаласының № 28 ЖОМ оқытушысы  Ж. Ж.Әшімханов.