«Былғары доп» облыстық жарыстарының қорытындысы
Білім беру басқармасының республикалық және облыстық жарыстар негізіндегі дене тәрбиесі және спорт іс-шараларының жоспарына сәйкес 2012 жылдың 23 маусымында облыс мектеп оқушыларының арасындағы «Былғары доп» облыстық сайысының екінші кезеңі аяқталды.
(балалардың орташа тобы 1999-2000 т.ж.)
№22 мектептің футбол командасы (жаттықтырушысы Нұрахметов М.К.) облыс деңгейінде 1 орынға ие болып, 10-20 шілде аралығында Қарағанды қаласында өтетін республикалық жарыстарда облыс атағын қорғайды.
Жарыс жеңімпаздарын құттықтаймыз және республикалық жарыста жеңіс тілейміз!