ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар қаласы педагог қызметкерлерінің 2012 жылғы тамыз мәжілісіндегі нұсқаулықтар Тақырыбы: «Білім беру жүйесін моденизациялау – адами капиталдың сапалы түрде өсуінің басты бағыты»
21-08-2012 10:24

 

Павлодар қаласы педагог қызметкерлерінің 2012 жылғы тамыз мәжілісіндегі нұсқаулықтар

Тақырыбы: «Білім беру жүйесін моденизациялау – адами капиталдың сапалы түрде өсуінің басты бағыты»

 

Еліміздегі заманауи өзгерістер, тұрақты дамудағы жаңа стратегиялық бағыттар, қоғамның ашықтығы, ақпарат әлеміндегі жылдамдығы білім алуға қатысты талаптарды түбегейлі өзгертті. Осы ретте білім беруді модернизациялау педагог жауапкершілігіне және оның кәсіби деңгейіне байланысты, олардың көп үлгідегі білім беру үдерісіндегі мәселені шешу қабілетіне байланысты болып табылады. Бірінші кезекте педагогтер қоғамынан жаңашыл көзқарас талап етіледі, бұл әдістер кәсіби міндеттерді шешуге қажет болады.

      Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін дамытудың замануи кезеңі барлық сатылардағы оның түбегейлі түрде модернизациялануымен сипатталады. 

      Қалалық білім беру жүйесін қаржыландыру ұлғайтылып жатыр, бұл жағдай барлық деңгейде үлкен өзгерістер жасауға мүмкіндік береді, білім беру мекемелерінің инновациялық қызметінің тиімділігі, материалдық – техникалық базасын нығайтуға, әртүрлі мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамытуға, мектептен тыс мекемелер желісін дамытуға, тәрбие жүйесін жетілдіріпі, балаларды әлеуметтік қорғау ықпал етеді.

            Білім беру бөлімі бастығының «Модернизациялау жағдайында Павлодар қаласы білім беру мекемелерінің 2011 – 2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жолдары» баяндамасын тыңдап, талқылап мынадай нұсқау береді:

1.      Оқушылардың сауаттылығын дамыту үдерісін мазмұндық,                                         - оқу - әдістемелік, материалдық – техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету  бойынша іс – шараларды іске асыру.

2.      Шаралар жасалсын:

-барлық деңгейдегі ұйымдарда тәрбиелік жұмыстарды күшейту үшін тәрбиелеудің мазмұны, үлгісі мен әдістері, құралдары қайта қарастырылсын.

-мектепке дейінгі ұйымдардың ұсынып отырған білім беру қызметтерінің сапасы  мен мектепке дейінгі білім берудегі қоғамдық  мәртебесін арттыру бойынша іс – шаралар қабылдасын.

3.      12 жылдық білім берудің жаңа үлгісіне ауысу жағдайында мектеп білімінің мазмұнын жетілдіру мен инфрақұрылымын дамыту жұмыстарын қарқындату.

4.           «Назарбаев зияткерлік мектебі» тәжірибесін есепке ала отырып білім беру ұйымдарының оқу үдерісіне заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу жөніндегі жұмыстар өткізу.                                                                                                   5. Мыналарды қамтамасыз ету қажет:                                                                                        -білім берудің бардық сатыларындағы үлгерім сапасын арттыру;                                        - оқушылардың психилогтік – педагогтік ерекшеліктерін, мүмкіндіктері мен  қабілеттерін ескере отырып оқытуды ұйымдастыру және бағдарлық   сыныптарды жинақтауға қажетті көзқарасты қалыптасыру.                                                                      6.    Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасын   қамтамасыз ету бойынша шараларды күшейту.