ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жетінші қалалық педагогикалық марафон – 2012
23-08-2012 13:37

     2012 жылғы 23-24 тамыз күндері ИнЕУ  ,  №7,№21,№43 мектептердің  және №29, 38, 51, 84 сәбилер бақшасы базаларында жетінші қалалық педагогикалық марафолон өтті. Өткізу барысында директорлар,директорлардың орынбасарлары, әдіскерлер, мектеп , бала бақша ұстаздары  үшін 32- ден астам   шебер сағаттары, басқару сұрақтары бойынша  дөңгелек үстел отырыстары ұйымдастырылып, шығармашылықпен жұмыс істейтін қала мұғалімдері инновациялық тәжірибемен бөлісті.

      Қала мектептерінің директор орынбасарларының, пән мұғалімдерінің, сынып жетекшілерінің, психологтардың,  әлеуметтік педагогтардың, ата-ана комитетінің  төрайымдарының 360 астам баяндамалары 69 секцияда тыңдалса,7 секциядағы  бала бақша қызметкерлерінің  31 баяндамалары талқыланды.

      Марафон жұмысында 2500 астам қала мұғалімдері қатысты.

   Білім беру бөлімінің мадақтамаларымен «ең үздік әдістеме-дидактикалық құрал» және облыстық интернет-фестиваль үшін 102 мұғалім марапатталса, 17 мектеп директорларының орынбасарлары, 56 қалалық шығармашылық топтардың , әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері жоғары кәсібилігі мен шығармашылығы  және қалалық  әдістемелік қызметпен бірлесе атқарған жұмысы үшін марапатталды.

  Инновациялық тәжірибесін жалпыламау бойынша  69  мұғалімге  , 52 мектеп және қалалық деңгейдегі жаттықтырушыларға сертификат берілді. Баяндамалары  ең үздік деп танылған 150 мұғалім  алғыс хатпен марапатталды.

   Секция жұмыстарында Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кабинет меңгерушілері, Инновациялық Еуразия Университетінің профессор-оқытушылары, мектеп директор орынбасарлары, әдіскерлер және шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер модераторлар болды.

    Жетінші педагогикалық марафон жұмысына белсенді қатысқаны үшін барлық мұғалімдерді, мектеп директорларын, секция жетекшілерін, ИнЕУ ректоратына алғыс білдіреміз.

     Жаңа оқу жылында табыс, жаңа жетістіктер және  шығармашылық   тілейміз!

 

   Ш.С.Нұрахметова, Павлодар қаласы білім беру бөлімі

әдістемелік кабинетінің меңгерушісі