Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жыл мұғалімі -2012» сайысының қорытындысы
01-10-2012 12:07
«Жыл мұғалімі -2012» сайысының қорытындысы

      Шығармашылықпен, ғылым мен тәжірибе тоғысында заман талабымен   жұмыс жасайтын, білім беру жүйесін дамытуға ықпал ететін  дарынды ұстаздарды анықтау мақсатында 2012 жылдың қыркүйек айында Павлодар қаласының білім беру бөлімі қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы және бастауыш сынып  мұғалімдерінің арасында «Жыл мұғалімі – 2012» сайысын өткізді.Сайысқа барлығы 50-ден астам мұғалім қатысып, ІІ кезеңге өткен 17 мұғалім №4 ЖОМ негізінде , бейтаныс сыныптарда ашық сабақ өткізіп, сыңнан өтті.

       «Жыл мұғалімі 2012»сайыстың екі кезеңінен сүрінбей өтіпжүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан,  ақтық кезеңге абыроймен жеткен сайыскер ұстаздар : Гран-при иегері - №19 ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі -  Күзембаев Аян Сансызбайұлы. «Шоқ жұлдыз» аталымында биік көрсеткішке жеткен №29 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Камзина Айшолпан Аибқызы, ал «Шеберлік шыңына» аталымы бойынша Кенжекөл орта мектебінің бастауыш сынып мұғаліміШаяхсултанова Әсемгүл Сағадатқызы ең жоғары дәрежеге жетті, келесі ең жас сайыскерлер қатысқан «Үміт» аталымында алға ұмтылып шыққан №2 ЖОМ ағылшын тілінің мұғалімі Сульбаев Тимур Қабдоллаұлы.

       Заманымыздың осындай дарынды ұстаздарына қарап, қуанышымыз қойнымызға сыймай, осы жеңімпаздарымызға мықты денсаулық, бақыт, келешекте де тек жеңiстердiң шыңдарынан көрiне берсiн дегiмiз келедi.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!