Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қала мұғалімдеріне құрмет көрсету
08-10-2012 05:05
Қала мұғалімдеріне құрмет көрсету

2012 жылғы 4 қазан күні «Достық» концерт залында Павлодар қаласының білім беру бөлімі «Мұғалімдер күні» қалалық мерекесін өткізді. 

    Қала мұғалімдерін қала әкімі О.А.Қайыргельдинов, облыстық білім беру басқармасы бастығының орынбасары Т.Н.Иванова, қалалық мәслихат хатшысы В.М.Желнов, білім беру бөлімінің бастығы З.Қ.Мұқашева,№102  бала бақшаның басшысы С.И.Тихомирова құттықтады.

        Мереке барысында қала мектептерінде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер қала әкімінің, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің, білім беру басқармасының алғыс хаттарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталды.Мұғалімдерден, жетекшілерден құралатын отбасылық жұптарға, ұстаздық жолда аз да болса жетістіктерге жеткен жас мамандарға, ұстаз ардагерлерге , «Жыл мұғалімі -2012» сайысының жеңімпаздарына , мұғалімдер әулетінің өкілдеріне салатанатты құрмет көрсетілді.«Ұстаздар әулеті» кітабының тұсау кесері өткізілді .

  Шығармашыл мектеп мұғалімдерімен,бала бақша қызметкерлерінің жылы сөздерін, әдемі билерін, әсем әуенді өлеңдерін көрермендер тамашалады. 

        Іс-шараға қатысушылар өздерінің кәсіби  мерекелерінде құттықтауларға көңілдері толып,мереке ұйымдастырушыларға үлкен алғыстарын білдірді.     

      Құрметті ұстаздар! Баршаңызға қиын да қызығы мол еңбектеріңізде тұғырлы табыстар мен жігерлі жеңістер тілейміз!