2012 жылғы 4 қазан күні «Достық» концерт залында Павлодар қаласының білім беру бөлімі «Мұғалімдер күні» қалалық мерекесін өткізді.
Қала мұғалімдерін қала әкімі О.А.Қайыргельдинов, облыстық білім беру басқармасы бастығының орынбасары Т.Н.Иванова, қалалық мәслихат хатшысы В.М.Желнов, білім беру бөлімінің бастығы З.Қ.Мұқашева,№102 бала бақшаның басшысы С.И.Тихомирова құттықтады.
Мереке барысында қала мектептерінде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер қала әкімінің, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің, білім беру басқармасының алғыс хаттарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталды.Мұғалімдерден, жетекшілерден құралатын отбасылық жұптарға, ұстаздық жолда аз да болса жетістіктерге жеткен жас мамандарға, ұстаз ардагерлерге , «Жыл мұғалімі -2012» сайысының жеңімпаздарына , мұғалімдер әулетінің өкілдеріне салатанатты құрмет көрсетілді.«Ұстаздар әулеті» кітабының тұсау кесері өткізілді .
Шығармашыл мектеп мұғалімдерімен,бала бақша қызметкерлерінің жылы сөздерін, әдемі билерін, әсем әуенді өлеңдерін көрермендер тамашалады.
Іс-шараға қатысушылар өздерінің кәсіби мерекелерінде құттықтауларға көңілдері толып,мереке ұйымдастырушыларға үлкен алғыстарын білдірді.
Құрметті ұстаздар! Баршаңызға қиын да қызығы мол еңбектеріңізде тұғырлы табыстар мен жігерлі жеңістер тілейміз!