«Жыл мұғалімі» облыстық сайыс қорытындысы
2012 жылғы 25 -27 қыркүйек аралығында Павлодар қаласында «Жыл мұғалімі» сайысының облыстық кезеңі өткізілді. Мастер-класс, бөгде сыныпта ашық сабақ өткізу, жобаны қорғау сияқты тапсырмалар қорғалды. Ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында облыс әкімі Е.М. Арынның қатысуымен өткізілген іс – шара барысында сайыс қорытындылары шығарылды. Нәтижесінде №34 жалпы орта білім беру мектебінің физика мұғалімі Наталья Валерьевна Григорьева Гран-при иегері атанды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!