Елбасы Жолдауының жүзеге асырылуы
«Балапан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2012 жылғы 22 қыркүйекте – Қала күні – Ленин кентінде 50 орындық № 36 сәбилер бақшасы іске қосылды. Бұрынғы балабақша ғимараты көп жылдары бос тұрды, 2011 жылы жеке тұлғадан сатып алынып, күрделі жөндеу жұмыстары өткізілді.
Сәбилер бақшасында балалардың жеке дара және шығармашылық қабілетін дамыту үшін жағдайлар жасалған, бүгінгі заманға сай жиһаздармен жабдықталған ойын бөлмелері және медициналық кабинет, ас үй бөлігі мен кір жуатын бөлмелер бар.