«Балапан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2012 жылғы 22 қыркүйекте – Қала күні - Усолка мөлтек ауданның жас тұрғындары үшін замануи балабақша есігін айқара ашты. Осы балабақшаның құрылысы республикалық бюджеттен қаржыландырылды.
Бұл мектепке дейінгі мекеме 320 –тан астам бүлдіршіндерді мектепке дейінгі білім беру және тәрбиемен және қосымша 100 жұмыс орындарымен қамтуға мүмкіндік берді.
Балабақшада балалардың жеке дара және шығармашылық қабілетін дамыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған және балаларды сауықтыруға арналған ән-күй, дене шынықтыру, хореографиялық залдары, ағылшын тілі, сурет салу, әдістемелік кабинеттері, медициналық кабинет, ас үй бөлігі мен кір жуатын бөлмелер бар. Балабақшаның аланы көріктендірілген, көленке шатырлары мен шағын формалар орнатылған.
Балабақшаның салтанатты ашылу рәсіміне Павлодар облысының әкімі Е. М. Арын және Павлодар қаласының әкімі О. Ә. Қайыргелдинов қатысты.