Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Елбасы Жолдауының жүзеге асырылуы
23-10-2012 16:50
Елбасы Жолдауының жүзеге асырылуы

 

«Балапан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2012 жылғы                         22 қыркүйекте – Қала күні - Усолка мөлтек ауданның жас тұрғындары үшін замануи балабақша есігін айқара ашты. Осы балабақшаның құрылысы республикалық бюджеттен қаржыландырылды.

Бұл мектепке дейінгі мекеме 320 –тан астам бүлдіршіндерді мектепке дейінгі білім беру және тәрбиемен  және қосымша 100  жұмыс орындарымен қамтуға мүмкіндік берді.

            Балабақшада балалардың жеке дара және шығармашылық қабілетін дамыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған және балаларды сауықтыруға арналған ән-күй, дене шынықтыру, хореографиялық залдары, ағылшын тілі, сурет салу, әдістемелік кабинеттері, медициналық кабинет, ас үй бөлігі мен кір жуатын бөлмелер бар. Балабақшаның аланы көріктендірілген, көленке шатырлары мен шағын формалар орнатылған.

Балабақшаның салтанатты ашылу рәсіміне Павлодар облысының әкімі Е. М. Арын және Павлодар қаласының әкімі О. Ә. Қайыргелдинов қатысты.