ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жыл әдіскері» республикалық сайыс қорытындылары
30-10-2012 10:04
«Жыл әдіскері» республикалық сайыс қорытындылары

Біліктілік арттырудың «Өрлеу» ұлттық орталығы мен Қазақстан Республикасы білім  беру жүйесінің ғылыми – педагог қызметкерлері мен басшыларының біліктілігін арттыру институты 2012 жылдың 23 мен                          25 қазаны аралығында «Жыл әдіскері» атты республикалық сайыс өткізген болатын.

           Сайысқа Астана, Алматы қалалары мен 14 облыстың, аудандар мен қалалардың әдістемелік кабинет әдіскерлері қатысты.

           Педагог кадрлармен әдістемелік жұмыстарды жетілдіру, кәсіби шеберлікті арттыру, әдіскерлердің әлеуметтік мәртебесін көтеріп, педагогтік машықтарды ынталандыру аталмыш сайыстың негізгі мақсаты болды.

           Сайыс бірнеше кезеңнен құралды. Облыстық кезеңдері қыркүйек айында Астана, Алматы қ. мен республикамыздың облыс, қалаларында өткізілді, ал екінші кезеңі 2012 жылғы 23-25 қазан аралығында Алматы қ., «Өрлеу» ұлттық орталығында өткізілді.

             Салтанатты ашылу ресімі 2012 жылғы 23 қазанда өтті. Бағдарлама барысында: өзін таныстыру, сайыскерлердің кәсіби деңгейін анықтау – тесті, педагогтік жағдайларды шешу, «Заманауи әдістемелік жұмыс» мастер – класс, әдіскерлік ринг, мәселелерді шеше білу.

            2012 жылғы 25 қазанда қорытындылар жасалап, сайыс жеңімпаздары марапатталды.

            Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскері Шолпан Шаханқызы Қайырғазина «Жоғары кәсіби шеберлігі үшін» номинациясының игері атанды.

            Сайысқа қатысқан барлық жеңімпаздарға, жүлдегерлер мен лауреаттарға дипломдар, ақшалай сыйақылар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

            Ең үздік жұмыстар әдістемелік жинаққа енгізіліп, ҚР БҒМ  мен «Өрлеу» АҚ сайтында орналастырылады.

            Сайыс қатысушыларын құттықтаймыз! Барлық игі бастамалары мен істеріне тек қана сәттілік тілейміз!

 

            Ш.С. Нұрахметова, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі.