Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
ҰБТ жаңа форматы туралы
31-10-2012 11:34

 

Жаңалықтар

24 октября 2012 г.

Орта білім беру ұйымдарының түлектерін қорытынды аттестаттаудың және жоғары оқу орындарына түсу емтихандарының жаңа форматына көшу жөніндегі жұмыс тобының нәтижелері бойынша ақпарат


 Жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектерін қорытынды аттестаттаудың және жоғары оқу орындарына түсу емтихандарының жаңа форматын  жетілдіру мақсатында ағымдағы жылдың 30 мамырында № 250 бұйрықпен Министрлікте жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобы Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының контексінде ҰБТ-ны 2015 жылдан бастап екіге: мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау үшін Ұлттық тестілеу (ҰТ) және республикамыздың жоғары оқу орындарына түсу үшін Кешенді тестілеуге (КТ) бөлу туралы мәселе қарастырды.
Бірінші кезеңде логикалық тест тапсырмалары арқылы функционалдық сауаттылық тексеріледі. ҰТ 5 пәннен, оның ішінде жыл сайын өзгертілетін 4 пән бойынша, өткізіледі. Мемлекеттік тіл – тестілеудің міндетті пәні болып қалады. Бітірушілердің ойларын сауатты жеткізуін тексеру мақсатында эссе жазғызу қарастырылады.
Екінші кезеңде (Кешенді тестілеу) талапкерлер ЖОО-ға функционалдық сауаттылықты анықтау үшін тәуелсіз тестілеу арқылы жалпы тест және таңдаған мамандығына сәйкес екі пәннен құралған блокты тапсырады. Емтихан 35-40 ЖОО базасында өткізіледі. ҰБТ өткізу пункттерінің қысқаруы бақылаудың күшеюіне әсерін тигізеді.
Тестілеу ақпараттық технологияларды қолдану арқылы өткізілетін болады. Әлемдік тәжірибені зерделеу АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Корея, Сингапур, т.б. елдерде компьютерлік тестілеудің кеңінен қолданылатынын көрсетті.
2011-2012 оқу жылында Астана қаласы мен Атырау облысының мектептерінде компьютерлік тестілеуден эксперимент өткізілді. Эксперимент бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдірудің, біртұтас корпоративтік жүйені қалыптастырудың, мектептердің компьютерлік паркін жаңартудың қажет екендігін көрсетті.  Министрлік көрсетілген проблемаларды шешу үшін, оның ішінде «e-learning» бағдарламасын іске асыру аясында белсенді жұмыс жасауда.
2013 және 2014 жылдарда Министрлікпен анықталған мектептердің базасында білім алушыларға құқықтық салдары жоқ екі кезеңдік тестілеуге көшу бойынша эксперимент жоспарлануда.
Тестілеудің жаңа форматы мектеп бітірушілерді барлық пәннен бірдей дайындалуға ынталандырады, тапсырмаларды жаттап алудың орнына бітірушілердің білімді және оны қолдану дағдыларын жинақтауына ықпал етеді, тестілеуге түскен әлеуметтік жүктемені төмендетеді, ЖОО-ларға іріктеуді одан әрі объективті және мақсатты етеді.
Логикалық тестерді және ақпараттық технологияларды тестілеуде кеңінен қолдану оқушылардың құзырлығын және функционалдық сауаттылығын анықтауға бағытталады.
Аталған шараларды іске асыру нәтижесінде Ұлттық бірыңғай тестілеу оқушылардың білімдерін бақылаудың әлеуметтік бағдарланған, нақты және тиімді регламенттелген үлгісіне айналады.