«Орта бiлiм мектебiндегi директор орынбасарының қызметтiк мiндеттерi.Директор орынбасарының жұмыс жоспары. Жалпы мектепiшілік iстердiң циклограммасы. Педагогикалық қызметкерлердiң аттестациясы» атты тақырыпта «Жас директордың орынбасары» мектебінің кезектi отырысы өттi.
№ 39-шы мектептiңДОТЖО Е.Л.Тюменцева, № 42-шi мектептiң ДОТЖО Б.М.Ақишева жас әрiптестердiң алдында сөз сөйледi.
Оларға жаднамалар таратып, құжаттардың ресiмдеуi, әдiстемелiк бiрлестік қызметтiң жоспарлауының үлгiлерi бойынша нақты ұсыныстар жасалды.
ЖДО қатысушылары, жаңа бастап жүрген № 15, 18, 24, 29, 34, 39, 42-шi КОМ мектептерінің оқу iсiн меңгерушiлері, мектепішілік бақылау және өз функционалы бойынша сұрақтарды дайындаған белсендi отырыс тыңдаушылары болды.
2012-2013 оқу жылына жас директор орынбасарының мектебiнiң отырыстарының тақырыптары жоспарланып талқыланды.
Шығармашылықпен жұмыс iстейтiн директордың орынбасарларымен алған бiлiмдер және төжiрибе алмасуы жас мамандарға өздігінен білім көтеру траекториясын және басқарушылық қызметiн жетiлдiруге мүмкiндiк береді