«Алтын белгі» және үздік аттестатқа үміткерлері бірнеше жыл қатарынан шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің мектеп бітірушілерге арналған кеңестерді өткiзуi дәстүрге айналды.
2012-2013 оқу жылының тәжірибесі негізінде ҰБТ-ға дайындық сапасын көтеру мақсатында әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «4» және «5» оқыйтын оқушылар үшін аймақтық кеңестер өткізілуде.
Әр айдың сәрсенбі күні сайын 10 мектептің негізінде (№28,4,34,6,30,2,18,11) негізгі пәндерден ( қазақ тiлi, орыс тiлi, математика, тарих) кеңестер өткізіледі.
Мемлекеттік және орыс тілінде оқытылатын қала мектептерінің 300 шақты оқу озаты кеңеске қатысады.
Топ жетекшілері жұмыс жоспарын,кеңес кестесін құрастырып,бағдарламаның қиын тақырыптары бойынша материалдарды жүйелеп,логиканы дамытуға арналған сұрақтарды қосқан.