Павлодар қаласында 2012 жылғы 1 желтоқсанда жас тұрғындар үшін ген. Дюсенов көшесі, 15 мекенжайы бойынша жобалық қуаты 140 орындық № 40 балабақша ашылды. Осы балабақшаның ашылуы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған мереке мен Павлодар облысының 75 жылдық мерейтойымен орайлас келіп отыр.
Балабақшада балалардың жеке дара және шығармашылық қабілетін дамыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған: музыкалық зал, психологтік, медициналық, қазақ тілі, ағылшын тілі кабинеттер жұмыс жасап жатыр. Балабақшада аз қамтылған және толық емес отбасылардың балаларына арнап тәулік бойы жұмыс істейтін топ ашылды.
Бұл мектепке дейінгі мекеме 140 –тан астам бүлдіршіндерді мектепке дейінгі білім беру және тәрбиемен және қосымша 40 жұмыс орындарымен қамтуға мүмкіндік берді.